Шардара аудандық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Шардара ауданының Құрметті азаматы Байдулла Рахматуллаев желтоқсан айында 70 жасты бағындырды. Төраға орынбасары қызметіне қоса ауыл биі, қала әкімі жанынан құрылған қауымдастық мүшесі сияқты қоғамдық жұмыстарды да атқарып келе жатқан ағамызды ардагерлер қауымы да, қарапайым тұрғындар да зор құрмет тұтады. Қайда барса да жұртшылық төрден орын береді, жастар жағы алдын кесіп өткен емес. Әрине, Байекең мұндай сый-құрметке өзінің еңбекқорлығымен, шындықты бетке айтатын туралығымен, елге қажет мәселені орындатпай қоймайтын қайсарлығымен жетіп отыр деп айтсақ жарасады. Жуырда өткен бір топ ардагерлердің бас қосқан алқалы жиынында аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков Байдулла Рахматуллаевты мерейлі жасымен құттықтап, аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың Құттықтау хатын тапсырды. Ардагерлер Кеңесінің атынан да сый-сияпаттар жасап, мерекелік медальмен марапаттады. Мұндай құрметті «Аманат» партиясының аудандық филалының төрағасы Ережеп Бекет те көрсетіп, мерейтой иесіне ізгі тілегін арнады.
Зейнеткерлікке шыққанша Қызылқұм суландыру жүйесінде жемісті қызмет атқарған Байдулла ағамызды үздік гидротехник ретінде танып келген болатынбыз. 2016 жылы қаладағы №14 бекет мөлтек ауылының тұрғындары бірауыздан ауыл биі етіп сайлап алды. 250-ге жуық түтіні бар мөлтек ауылдың жоғын жоқтап жүргеніне он жылға таяу уақыт болыпты. Ауыл биі деген қоғамдық жұмысты мойынға алған соң, сол елдегі қордаланған проблемаларды реттеу үшін аттан түспей шапқылауың керек. Байдулла ағамыз тұрғындармен ақылдаса отырып, ең өзекті деген 7-8 мәселені хатқа түсіріп, аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысына жолдайды. Қажетті мәселенің ең бастысы – мектеп жайы болатын. Ыңғайластырылған алты ғимараттан тұратын Амангелді Иманов атындағы орта мектептің әбден тозығы жеткен, сынып бөлмелері баяғы «буржуйка» деп аталатын темір пешпен жылытылып келген білім ошағының халі шынымен де мүшкіл еді. Екінші мәселе – елді мекенде ауыз су да, ағын су да жоқ. Аудан құрылғалы тұрғындар үй жанынан піспек орнатып, пәлен метр тереңдіктен су тартып ішетін-ді. Тіпті кейбір отбасылар жанындағы Қызылқұм каналынан шелекпен су тасып күнелтіп келе жатқаны дәрменсіз бейшаралық болатын. Ауыл көшелеріне жөндеу жүргізілмеген, жаяу жүргіншілерге аяқжол салынбаған. Балабақша атымен жоқ. Көгілдір отын тұрғындардың түсіне де кірмейді. Шағын медпункт те аса қажеттіліктің бірі саналады. Күл-қоқыс төгетін арнайы жәшіктер дәл осы мөлтек ауылға қойылмаған екен. Кеңестік кезеңнен қалып қойған ескі ғимараттар ауылдың сәнін кетіріп тұр. Аңғал-саңғал болып тұрған мұндай орындар, әсіресе ойын балалары үшін аса қауіпті. Ауыл тұрғындарын имандылыққа тәрбиелейтін мешіт үйі де бұл ауылда жоқ. Мне, осындай қадау-қадау проблемаларды басшылықтың назарына ұсынып, олардың орындалуы үшін дембіл-дембіл құзырлы мекемелерге күнде баратын болды.
№14 бекет пен Мұнайбаза мөлтек ауылдары бұл күнде құмның астынан шығатын таза суды тұтынып отыр. Тұрғындардың өте құнарлы суға қол жеткізуіне де Байекеңнің өзі тікелей себепші еді. Мұнай базасы орналасқан аумақтан сонау ілгеріде скважина қазылып, тәтті су шыққан болатын. Кейіннен сол қараусыз қалып кетті. Байдулла ағамыз осы скважина суын әжетке жаратуды айтып сол кездегі аудан әкімі Болатбек Қыстауовтың алдына кіреді. Ол тиісті мамандарды шақырып алып ақылдасса, пайдалы іске басын ауыртқысы келмейтін кертартпалар «ой, ондай су жоқ, скважина баяғыда бітеліп қалған» деп түрлі сылтау айтады. Ақырында Байекеңнің өзі ертіп апарып, шылжырап ағып тұрған суды көрсетіп береді. Содан судың сынамасын тексертуге санитарлық-эпидемиологиялық мекемеге апарып өткізеді. Бір аптадан кейін «өте таза су» деген қорытынды келеді. Ары қарай жұмыс жүріп, заңды түрде құбыр тартылып, екі мөлтек ауылдағы 400 отбасына тұщы су беріледі. Ешқандай сүзгінің де, су торабын салудың да керегі болған жоқ. Байдулла ағамыздың жанкештілігімен іске асқан бұл шаруа да сауапты тірліктің біріне айналды.
Өз міндетіне немқұрайды қарап, жүрдім-бардым жұмыс жасайтындарға әу бастан-ақ жаны қас Байекең ондайларды көрсе «бетің бар, жүзің бар» демей сойып салады. Аяқжол керек деп айтқан мәселесіне аудан басшысы қолдау көрсетіп, құрылыс жұмыстары басталып жатқан бір сәт болатын. Дәл сол кезеңде Байдулла ағамыз бірнеше күнге демалыс үйіне кеткен екен. Денсаулығын түзеп, күйбең тірліктің қамытынан бірер күн босап, көтеріңкі көңіл-күймен ауылға қайтқаны сол еді, мұндағы көріністі көріп қаны қайта басына шауып шыға келді. Аяқжолды тура Шардара-Арыс трассасының дәл жанынан салып жатқанын көреді. Он-он бес машина құм мен топырақ түсіріп те қойған екен. Демалыс үйінен оралған ауыл биі үйіне де кірместен тіке жұмыс жасап жатқан мердігердің басшысына барады.
–Ай, сендердің дендерің сау ма өзі? Мың-сан көлік ағылып жатқан үлкен жолға жабыстырып тротуар салғандарың қай сасқандарың? Трасса мен тұрғын үйдің арасы 30 метрдей шығады, аяқжолды сол үйлерге жақын етіп неге салмайсыңдар. Бұл жолмен бала-шаға мектепке барады. Ызғып жатқан машинаның астына түсіп кетеді деп ойламайсыңдар ма? Кім бұған рұқсат берді? – дейді. Оларда не жазық, «осылай сызып берген» деп уәж айтады.
Оған үндемей қоя салатын Байекең бе? Дереу басшыларға телефон шалып, «бұл жобамен салынса адамның өміріне қауіпті, тоқтату керек» деп тұрып алады. Содан коммуналдық бөлімнің бастығы болған марқұм Әмзе Оспанов келіп көріп, аяқжолды үлкен трассадан ары қарай жылжытып, қауіпсіз аймақтан салуға шешім қабылдайды.
Ауылға газ тартылғанда да сол істің басы-қасында Байдулла Рахматуллаев жүрді. 4-5 тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға газ құбырын тегін тартқызып берді. Тағы да бірнеше жағдайы жоқ азаматтарға ақшалай-заттай жәрдем жасап, газ кіргізді. Айта берсек, мұндай мысалдар көп-ақ. Басқа да әлеуметтік мәселелер оңтайлы шешіліп, №14 бекет мөлектауылының жағдайы жақсарып келеді. Заманауи үлгіде салынған мектеп ғимараты пайдалануға беріліп, тұрғындардың арманы орындалды. Елжанды азаматтардың демеушілігімен көрген адамның көзі тоятындай мешіт үйі салынды.
Байдулла ағамыздың отбасын бізден бөлек сонау Өзбекстан аумағы мен Қызылорда өңірінің халқы қожа деп құрметтейтіні өз алдына бөлек әңгіме. Ислам дінінің елімізде қанат жаюына үлес қосқан әйгілі Қорасан бабаның ұрпақтары болып келетін Байдулла Рахматуллаев Самарқанд жерінде дүниеге келген. Ата-бабалары Қызылорда облысының Жаңақорған ауданын мекендеген. Осыдан үш жүз жылдай алдын Қожахмет, Құлахан есімді бабаларын Өзбекстанның Тамды, Кенимех елді мекендерінде тұратын халық өздеріне көшіріп апарып, пір тұтқан екен. Қызыл өкімет орнап, қожа-молдаларды қуғын-сүргінге салған тұста аталары Ауған өтпек болып құмның ішінен ауа көшеді. Бірақ, ауған жеріне өте алмай Самарқанда қалып қояды. Кейіннен жағдай түзелген 1958 жылдары Сырдың бойына көшіп келеді. Шардарадағы Көксу ауылына қарасты құмның ішіндегі ауылдарға келіп тұрақтайды. Атасы Шайхыслам да, әкесі Рахматулла да бойларында қасиет бар жандар болғанын халық әлі күнге ұмытпай айтады. Шайхыслам атасының алдына адамдар өте көп келетін болған. Біреу бір перзентке зар болып келеді, енді біреулер басына іс түсіп келеді. Атасы құдайдан жалбарынып сұрап, батасын береді. Тілегі қабыл болып, адамдар ризалықпен алғыстарын білдіріп жатады екен. Әкесі Рахматулла өте сұсты адам болған көрінеді. Оғаш қылық, әдепсіз мінез көрсеткен еркек болсын, әйел болсын оқты көзімен бір қараса өз-өзінен аяғы сүрініп, жығылып түседі екен. Таза жүріп, тура сөйлейтін әкесі Байдулла ағамызға өмір бақи адал болуды, біреудің ала жібін аттамауды, көкірек көтеріп дандайсымауды насихаттап отырған.
–Әкем жарықтық маған үнемі «Қожамын» деп лапылдай берме, анау бай екен, ақшасы көп екен деп мақтама, мынау кедей екен деп мұрын шүйірме. Он сом берген адамға шұбыртып, жаттанды бата беруші болма. Төбеңде Құдай көріп тұр. Бата беруге де, бата алуға да лайық адам болады. Бір тиын берсе де сенен шын ниетпен келіп бата сұрайтындар болады. Оларға шын ықыласыңмен жәрдем бер. Аузы дуалы, әруақты ата-бабаларыңның атына кір келтірме, қадірін қашырма» деп отыратын. Қызметке қызықпа, сабырлы бол, тыныш жүр деумен өтті, – дейді Байдулла аға.
Шардара ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-интернатта білім алған Байекең жастайынан техникаға құмар болып өсіпті. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын гидротехник мамандығы бойынша бітіріп шығады. Жер түбіндегі Сахалин аралында әскери борышын өтеп қайтады. Елге келген соң оқуын қайта жалғастырып, ойдағыдай бітіріп шығады. Қызылқұм су жүйелері мекемесінде инженер, участке бастығы болып еңбек етті. Жаушықұм, Шардара, Көксу кеңшарларында бас су мұрабы болып, ауылшаруашылығы саласында тер төкті.
Әлі есінде, 1980 жылдары жаппай жүгері егу туралы тапсырма болады. Бұл кезде Байекең Жаушықұм ауылында жұмыс істейді. 500 гектарға жүгері тұқымы себіліп қойғанымен, оған әлі дариядан су тартып шығару керек. Кеңшарда өткен бюро мәжілісінде аудан басшысы Лесбек Бекжанов тұрғызып қойып, «су қашан болады?» деп сұрайды. «Бір аптада су шығады» деп жауап береді. Аудандық атқару комитетінің төрағасы Қуаныш Айтаханов бұл сөзге сенбейді. «Сенің он сайманыңнан бір сайманың жоқ әлі. Қайдан су шығарасың? Сонша жерге егілген жүгері сусыз қалып, масқара болайын деп тұрмыз» дейді. Су мұрап Байекең «су шығады, уәде берем» дегенімен де сене қоймапты. Лесбк Бекжанов «бұл жігіт айтқанын орындайтын азамат еді, берген уәдесінің үдесінен шығады» деп басу айтады. Партия комитетінің бірінші хатшысының сенім арта сөйлеуі жас маманды қанаттандырып, жігер бергендей болды. Жиналыс тарқаған соң кеңшар директоры Серік Құдайбергеновпен қосымша техника, адам күшін алдыру жөнінде ақылдасады. Кентау қаласынан тағы да бір сорғы насосын алдырып, екі желі бойынша су тартуға кіріседі. Күндіз-түні жұмыс істеп, осы бір аса жауапты тірлікті ойдағыдай бітіріп шығады. Жүгері алқабына су таратып, терең дем алады. Бір күні түскі демалыста көлеңкелеп отырса сонау егістік жаққа келіп тоқтаған «Волга» машинасын көреді. «Райкомнан бастықтар келген екен» деп өзінің машинасымен сол жерге жетіп барады. Барса жүгерілік алқаптан Қуаныш Айтаханов шығып келе жатыр екен. Аяғында резеңке етік. Лайды кешіп келгені көрініп тұр. Байдулла ағамызбен арқасынан қағып тұрып амандасып:
–Бұлай болады деп ойламаған едім, су шығады деп сенбеген едім. Шынымен де уәдеңде тұрдың. Суды шығарғаның үшін рахмет. Нағыз азамат екенсің, ризамын, – дейді.
–Қуаныш ағамыздың есте сақтау қабілеті күшті екен. Арыс ауданына әкім болып тұрғанда өзімнің бір шаруаларыммен сол жаққа барғанмын. Көрме ме, жәрмеңке ме, бір шара өтіп жатқанының үстінен түстім. Нөкерлерімен Қуаныш Айтаханов аралап жүр екен. Бір кезде мені көрді де бұрылып келіп амандасты. «Мынау Шардараның ең үздік гидротехнигі болып жұмыс істеген жігіт. Бұл азаматтан көп нәрсе үйренуге болады» деп жұртқа мені таныстырып, мақтап жатты. Пәлен жыл өтсе де мені танып, ықылас білдіріп жатқанына марқайып қалдым, – дейді Байдулла ағамыз.
Байдулла Рахматуллаев Ырысалды Абдуллаева есімді бойжеткенмен шаңырақ көтереді. Ауылдағы мектепте мұғалім болып еңбек еткен жұбайы білікті педагог, ұлағатты ұстаз еді. Ауыр науқастан ертеректе қайтыс болып кетті. Соңында екі ұл мен екі қыз қалды. Бүгінде олардың барлығы да үйлі-жайлы болып, Байекең мен қазіргі өмірлік серігі Назира апай екеуі оншақты немере сүйіп отыр.
2018 жылы аудандық ардагерлер Кеңесі төрағасына орынбасар болып бекітілді. Бұрын бір ғана мөлтекауылдың мәселесімен айналысатын болса ендігі кезекте аудандағы 7000-нан астам зейнеткерлердің де мұң-мұқтажын шешумен айналысады.
–Біздер Байдулла Рахматуллаевпен ілгеріден аралас-құралас болып келеміз. Әкелеріміз құмның ішінде бірге болып, мал шаруашылығынмен айналысты. Қасиет қонған текті әулет болғасын жұртшылық жапырылып сыйлайды. Байекеңнің уәжді сөзіне жұрт та тоқтайды. Ел ішіндегі дау-дамайларды оңынан шешіп, істі ушықтырмай шешуге тырысады. Өмір болғаннан кейін жанжалдар кездеседі, кейде абайсызда адам шығыны да орын алып, екі жақ соттасуға дейін барып жататын оқиғалар болады. Міне, сондай сәттерде көпшілік Байдулла қожаны іздеп келіп жатады. Байекеңнің араға түсуімен екі тарап бір-біріне кешірім беріп, түрмеге кетіп бара жатқан адамдарды алып қалған жайларына да куә болып жүрміз. Бізге керегі де елді осылай бірлікке шақырып, ынтымаққа, ауызбіршілікке үндеп отыру ғой. Бұл ретте Байдулла бауырымыз өнегелі ісімен көптің алғысына бөленіп келеді. Осындай абыройлы ақсақалдарымызбен біздер мақтанамыз, – дейді әріптесі, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, Түркістан облысының Құрметті азаматы Тоқсанбай Бердібеков.
Біздің есімізге ақындардың «Араздасып ағайын кетер еді, Бір қарияң болмаса бір ауылда» деп келетін жыр жолдары орала берді. Бұл сөздер тура Байдулла ағамызға қарата айтылған сияқты сезіліп тұрғандай.
Әділ ӘБДІРАМАНОВ.