Шардарадағы елеулі оқиғалардың жаршысы болған "Шартарап – Шарайна" газетінде айтулы қуаныш орын алды. Ауданның 60 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген бұл ерекше сәт – қос бірдей ақпарат ардагерінің мерейін үстем етті.
Саналы ғұмырын ақпарат саласына арнап, туған өлкенің тыныс-тіршілігін тасқа басып келе жатқан «Шардара ауданының Құрметті азаматы», «Ақпарат саласының үздігі», «Шартарап – Шарайна» газетінің бас редакторы Нұрмахан Қауысұлы мен ел журналистикасының елеулі өкілі, ардагер журналист Сейдуәлиев Жаңабай Әліқұлұлына «Шардара ауданына 60 жыл» мерекелік медалі табысталды.
Бұл марапат – ел үшін адал қызмет еткен абзал жандарға деген халықтың ақ пейілі, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі еңбектің жемісі.
Нұрмахан Қауысұлы – аудандық басылымды жаңа биікке көтеріп, руханият пен сөз өнерінің шамын сөндірмей келе жатқан азамат. Ал Жаңабай Әліқұлұлы – талай буынға қалам ұстаудың қыр-сырын үйретіп, журналистиканың жазылмаған ережесін парасатпен ұғындырып жүрген ұстаз.
Қос ағамыздың марапатқа ие болуы – Шардара журналистикасының мерейі, халық сөзін сөйлеп, ел мүддесін көздеген адалдықтың жарқын көрінісі. Бұл күн – Шарайна ұжымының ғана емес, барша шардаралық оқырманның ортақ қуанышы десек артық айтпас едік.
Қадірлі Нұрмахан Қауысұлы мен Жаңабай Әліқұлұлы!
Сіздерді Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойына орай көрсетілген марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық шабыт пен зор денсаулық, отбасы амандығы мен тың табыстар тілейміз. Қаламдарыңыздан қуат, ойларыңыздан өрнек кетпесін!
Ізгі тілекпен,
"Шартарап – Шарайна" газетінің ұжымы