Меншік құқығында көлік құралдары (тіркемелерді қоспағанда), Қазақстан Республикасында тіркелген және есепте тұрған жеке тұлғалар көлік салығын төлеушілер болып табылады.
Жеке тұлғалар көлік құралдарына салынатын салықты тұрғылықты жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеуге тиіс. Яғни 2024 жылғы салықты 2025 жылдың 1-ші сәуірінен кешіктірмей төлеуі тиіс.
2023 жылғы салықты есептеу кезінде 2024 жылы қолданыста болған 3692 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылады.
Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы және eSalyg Azamat мобильді қосымшасындағы салық калькуляторының көмегімен дербес есептеп, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында немесе Қазпошта арқылы да төлеуге болады.
Көлік салығын мерзімінде төлемеген жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселеген мөлшерінде өсімпұл есептелінеді.
Бұдан басқа, борышкерге орындау мерзімі 30 жұмыс күні болатын берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі. Осыдан кейін, егер борыш сомасы 1 АЕК асатын болса борышкерге 5 жұмыс күні ішінде өтелуі тиіс салық бұйрығы жіберіледі.
Берешек өтелмеген жағдайда, мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында салық бұйрықтары жеке сот орындаушыларына жіберіледі, олар борышкерлерге қатысты шараларды, оның ішінде мүлікке және банк шоттарға тиым салуды, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуды шектеуді қолданатын болады. Сонымен қатар, қарыз сомасының 25 пайызын құрайтын сот шығындары ұсталады.
БАЙБУСИНОВ Ержан —
Шардара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас - маманы