Республикамызда соттардың және нотариустық кеңселердің борышкерлер туралы қабылдаған шешімдері мен қаулылары орындалу үшін сот орындаушыларға жіберіледі. Дегенмен бірқатар борышкерлердің сот орындаушылардың құқықтарын біле бермейтіндіктерінен кейде реніштер де туындап жатады. Осы жағдайларды болдырмау, жалпы сот орындаушылардың атқаратын жұмысын айқындайтын Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі №261 – IV «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңын түсіндіру бойынша Түркістан облысы Шардара аудандық жеке сот орындаушылар бөлімінің басшысы Бакиров Нұрлан Құрбанбайұлымен сұхбаттасып бірнеше сұрақ қойған едік. Төменде сол сұхбатты оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.
–Саламатсыз ба, Нұрлан Құрбанбайұлы!? «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңы жөнінде қысқаша айтсаңыз және осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар қандай?
– Саламатсыз! Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: Атқарушылық іс жүргізу – бо-рышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар; ақарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – атқарушылық іс жүргізуді есепке алуды электрондық нысанда жүзеге асыруға, сот орындаушысының процестік әрекеттерін автоматтандыруға, сондайақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының атқарушылық іс жүргізу барысында деректер алуына арналған ақпараттық жүйе;
Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына сенімгерлік басқаруға беріледі. Борышкерлердің бірыңғай тізілімі – атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын деректердің біріздендірілген электрондық банкі;
Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы – ақпараттық жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да құралдардың жиынтығы;
Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі – Республикалық палата) – жеке сот орындаушыларының қызметін үйлестіруді және олардың Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын сақтауын жүзеге асыратын коммер-циялық емес, кәсіптік ұйым; 3-2) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы – Республикалық пала-таның өңірдегі филиалы;
жеке сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) негізінде, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы болады.
– Азаматтар өзіне қатысты іс құжаттарымен қалай таныса алады?
–Тараптар, яғни борышкер немесе өндіріп алушы, осы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орын-даушыларының мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңының (Әрі қарай Заңының) 16 бабы бойынша: Атқарушылық iс жүргiзу тараптары атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен, оның ішінде электрондық нысанда танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға, көшiрмелерiн алуға, қосымша материалдар беруге, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қа-тысуға, атқарушылық әрекеттер процесiнде ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, атқа-рушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдерi мен өтiнiштерiне қарсылық бiлдiруге, бас тартатынын мәлiмдеуге, атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға, бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы. Атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға міндетті.
Борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.
Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
– Іс жүргізудегі хабархаттар мен шақырулар қатысушылар атқарушылық әрекеттер және мәжбүрлеп орындату шаралары туралы хабархатпен хабарланады ма?
–Әрине, хабархатпен хабарландырады. Атқарушылық құжат дереу орындалуға жататын жағдайларда, сондай-ақ мүлікке тыйым салу және өзге де қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде сот орындаушысы атқарушылық әрекеттер жасауға және атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларды бұл туралы алдын ала хабардар етпей, мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдауға құқылы. Сот орындаушысына не атқарушылық әрекеттер жасалатын жерге шақырулар шақыру қағазын жіберу арқылы жүзеге асырылады. Хабарланатын немесе шақырылатын адам уақытша болмаған жағдайда шақыру қағазы немесе хабархат онымен бірге тұратын кәмелетке толған жақын туыстарының біріне, жұбайына (зайыбына) табыс етіледі. Мұндай жағдайда шақыру қағазын немесе хабархатты қабылдаған адам шақыру қағазының немесе хабархаттың түбіртегіне өзінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ адресатқа қандай қатысы барын көрсетеді. Көрсетілген жағдайларда шақыру қағазы не хабархат тиісті түрде жеткізілді деп есептеледі.
Хабархат немесе шақыру қағазы ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарлар немесе электрондық пошта, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы, сондай-ақ хабар-хаттың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдаланып жіберілуі мүмкін. Сот орындаушысына жеке өзі ұсынған ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе жеткізілгенін растайтын есепті алған кезде атқарушылық іс жүргізу тарапына тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына; атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы немесе егер мұндай хабархаттың немесе шақырудың келіп түспегені не кешірек түскені дәлелденбесе, хабархаттың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып; атқарушылық іс жүргізу тарапы көрсеткен электрондық пошта ме-кенжайына; хабархаттың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де тыйым салынбаған тәсілдермен жіберілген хабархат, шақыру қағазы тарапты тиісті түрде хабарлау, шақыру болып табылады. Электрондық байланыс құралдары арқылы жіберілген шақыру қағазы бойынша келмеген жағдайда, қайтадан шақыру қағазы шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс және жеткізу құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі. Адресаттың шақыру қағазын немесе хабархатты қабылдаудан бас тартуы атқарушылық әрекеттерді жасау үшін кедергі болып табылмайды және адам тиісті түрде хабарланды деп есептеледі.
–Сот орындаушысы борышкердің жұмыс істейтіндігі немесе істемейтіндігі туралы және мүліктері, есеп шоттары туралы мәлімет-анықтаманы қайдан және қалай алады?
–Борышкер туралы барлық мәлімет-анықтамаларды біз өзіміздің АИС ОИП (Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық) жүйесінің арқылы, тұрақты тіркелген мекен-жайы және борышкердің атына екінші денгейдегі банктерде есеп-шоты, ақша қалдығы және жылжитын, жылжымайтын мүліктері туралы барлық ақпаратты біліп отырамыз, қарызы анықталған жағдайда тыйым салуға туралы және борышкердің атына жылжитын мүліктері анықталған жағдайда, атына анықталған, тіркелген көлік құралдарын айыппұл тұрағына уақытша қамауға алуға электрондық түрде Қазақстан Републикасы ПД ӘПБ-на электрондық түрде қаулы жолдаймыз.
– Егерде борышкер қарызын төлемеген жағдайда қандай шаралар қолданады?
–Заңының 33,34 бабы бойынша: Сот орындаушысы атқарушылық құжаттың мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы талаптары үш айдан астам болса Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке тең не одан асатын сомаға атқарушылық құжаттың талаптары орындалмаған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға міндетті, борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады.
Сот орындаушысының Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеу туралы қаулылары атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне орындау үшін жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Әкім-шілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669: Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау – Жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады» деп көрсетілген.
Жалпы айтқанда Заң бәрімізге – сот орындаушылар болсын, бұқара халық болсын баршаға ортақ. Сон-дықтан оны бұлжытпай орындауымыз керек. Бұл туралы Бұрынғыларда «Заңға бағынған құл болмайды» деп айтып кеткен.
–Нұрлан Құрбанбайұлы! Уақытыңызды бөліп, сұрақтарыңызға нақтылай жауап бергеніңіз үшін газет оқырмандары атынан алғысымызды білдіреміз. Алдағы атқаратын жұмыстарыңызда мол жетістіктер тілейміз.
Сұхбаттасқан:
Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ