ШАРТАРАП ШАРАЙНА

«АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП ШАРДАРА АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Әлеумет
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерді басқару департаментінің директоры З.Омарованың 2025 жылдың 1 сәуіріндегі № 110-РПП17-л бұйрығымен Исламбек Полатбекұлы Юнусов Еңбек шартының талаптарымен 3 (үш) ай сынақ мерзімімен Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы Шардара ауданы филиалының директоры лауазымына тағайындалды.
Исламбек Полатбекұлы 1988 жылы 27 қыркүйекте Шардара қаласында дүниеге келген. Информатика мамандығы бойынша «Шымкент» университетін, заңгер мамандығы бойынша Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін тәмамдаған.
Қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін ЖШС «ТМД СТРОЙ» компаниясының директоры, Шардара аудандық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жоба жетекшісі, облыстық жеке сот орындаушы секілді бірқатар салаларда жетекшілік қызметтерін атқарған.
Исламбек Полатбекұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, алдағы қызметіне толағай табыстар, кәсіби жетістіктер тілейміз!
«Шартарап–Шарайна» газетінің ұжымы
Made on
Tilda