2025 жылы Шардара ауданында «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Алатау батыр ауылдық округінде 5 көше және Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде 10 көшені орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, бүгінгі таңда Қ.Тұрысбеков ауылында көшелерге асфальт жабыны төселуде. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы барып, жол төсеу жұмыстарымен танысты. Нысан басында мердігерлермен кездесіп, жолдың сапасы мен уақытылы аяқталуы бойынша сөз қозғап, жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды.
Мұнан кейін, Шардара қаласындағы бұрынғы (КСМ) құрылыс бұйымдарының комбинатының жерін абаттандыру жоспарын және жаңадан салынған кәріз суларын тұндыру алаңының жұмысымен танысты. Арман Романұлы нысандарды аралау барысында сала мамандарымен бірқатар жұмыс жоспарларын талқылап, тиісті тапсырмалар жүктеді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі