ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті

Әлеумет
Еліміздің егемендігі мен біртұтастығын айқындайтын мереке 25 қазан – Республика күнінде «Шежіре саябағында» Ту көтеру рәсімі өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, қала әкімі Олжас Айдосов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, мекеме басшылары мен қызметкерлері, аудан ақсақалдары мен қала тұрғындары қатысты.
Ту көтеру рәсімінде Әнұран орындалып, Б.Шомпиев және Бердібеков құттықтау сөз сөйледі.
– 25 қазан – Республика күні құтты болсын! Еліміздің болашағы жарқын, керегесі бекем болғай. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Республика күні – елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек», – деп атап көрсетті. Әлемдік тарих толқынында өзін Тәуелсіз Ел ретінде орнықтырғаннан бергі уа-қытта татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың бағындырған белестері, әлемнің озық елдерінің қатарына ұмтылған мемлекетіміздің жеткен жетістіктері мол. Мерейлі мереке сәтінде сіздерге еселі еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, кемел келешек жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін» - деді.
Іс-шара аудандық Мәдениет сарайының өнерпаздарының ән шашуы мен патриоттық әндерге ұласты.
А.ТӘЖІ
Made on
Tilda