Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес, полиция мамандығының оң имиджін қалыптастыру мақсатында аудандардағы жалпы білім беретін мектепте «Полиция сыныптары» ашылуда.
Осы ретте, №1 М.Әуезов атындағы мектепте Шардара аудандық полиция бөлімінің «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды.
Сынып Ішкі істер органдарында кызмет бабында қаза тапқан Сандыбаев Ақдәулет Тәжмағанбетұлы және Жәрдембаев Асқар Рүстембекұлының ерліктерін еске алып, жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында ашылды.
Ашылу салтанатына Түркістан облысы Полиция департаментінің Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ерлан Шамшат, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Досан Қамшыбеков, мектеп ұжымы, полиция органдары ардагерлері мен оқушылар қатысты.
Салтанатты іс-шара мемлекеттік Туды көтеруден және мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталды.
Алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан алып, қаза тапқан по-лицейлердің ерліктерін атап өтіп, өскелең ұрпаққа полиция мамандығының қоғамда алатын рөлі жайлы айтып өтті.
Шара барысында марқұм болған азаматтар туралы жылы естеліктер айтылып, қызмет жолы туралы бейнероликтер көрсетілді.
«Жас сақшы» полиция сыныбының ашылуына арналған іс-шарада 8-сынып оқитын 18 оқушы ант беріп «Жас сақшы» қатарына қосылды.
«Жас сақшы» қатарына қосылған оқушыларға полицейдің нысанды үлгісімен тігілген киім берілді. Ал сынып бөлмесі ел игілігі жолында еңбек еткен полицейлерге арналған арнайы көрнекі тақтамен жабдықталды.
А.СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ