Мешіттің ашылу салтанатында жиналған көпшілік өзінің адал еңбегінің арқасында айнымас дос, көрші, әріптес кездестірген, Сырдың сағасы Қызылқұм қойнауында төрт түлік мал өсіріп, адалынан ас беріп, ұрпақтарының санасын дүниемен емес біліммен нұрландырып, өсиетін қалдырып кеткен абыз ақсақал, көп жасап қана емес көпті көрген елдің ағасы болған Тәліп ақсақалдың атындағы мешіттің ашылуына көпшілік қауым куә болды. Іс-шара Оңтүстік өңіріне белгілі қадірменді азамат, Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы Ораз қожа Бекахметовтің бата жасап, Жүніс қаридың құран оқуымен ашылып, тұлғасы елге үлгі болған Тәліп ақсақалдың көзін көріп, өкшелес інісі болған мемлекет және қоғам қайраткері, облысымыздың дамуына сүбелі үлесін қосқан, кезінде Шардара ауданының әкімі қызметін атқарған ел ағасы Кенжехан Төлебаевтың құттықтау сөзімен басталды.
Қазақ «Баталы елдің әруағы азбас, тектінің түбірі тозбас», «Тірінің жолы жіңішке, әруақ жолы жоғары» дейді. Екі дүниенің сәруары, сардары жоқшылық көргенге пана, қамкөңілге қамқоршы болған Тәліп ақсақал жайлы толғана сөйлеп, ынтымағы ыдырамаған, іргесі сөгілмеген, сыйластығы бұзылмаған үлкен әулеттің қуанышына ортақтасқан Кенжекең Төлебаев:
–Бүгін Шардара қаласына, оның ішінде 14-Бекет ауылына Алланың нұры жауған, назары түскен күн болып тұр. Олай деп айтатын себебіміз, бүгін осында мешіт ашылып, халықтың дінге бет-бұрыс жасауына, араласуына мүмкіндік туып отыр. Кезінде осындай мешіт салмақ түгілі біздің қарияларымыз намаз оқуға қорқатын замандар болған. Кеңес Үкіметінің заманында «Дін деген – апиын. Дін деген – у. Оған жақын-дамаңыз» деп дінге тиым салған. Ал тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болғалы бері өзіміздің дінімізді, әдет-ғұрпымызды, дәстүрімізді халық арасында насихаттап, ары қарай жалғастырып жатырмыз. Ал, мешіт салған Жанбаев Тәліп ақсақалдың әулеті Оңтүстік Қазақстан немесе Түркістан облысы емес бүкіл Қазақстанға танымал әулет деп айта аламын. Олай деп айтатын себебім, қазіргі таңда Тәліп көкемнің балалары, немерелері Қазақстанның түкпір-түкпірінде әр түрлі салада еңбек етіп, еліміздің экономикасын дамытуға, әлеуметтік жағдайын көтеруге өздерінің үлестерін қосып, танымал азаматтар болып жүр. Соның бірі осы мешіттің салынуы, – деп атап өтіп, бұл биылғы Шардара ауданының құрылғанына 60 жыл толуына үлкен сый болды деді.
Келесі құттықтау сөзге шыққан Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы республикалық Ислам діні бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының бас имамы Ержан қажы Сматұлы «Тәліп ата» мешітін салған Жанбаев Жанболат Бегежанұлына ҚДБН-ның төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өтпенов Хазреттің Алғыс хатын табыстап, Шардара аудандық орталық мешітінің найб имамы Шыныбеков Серікбай Алшынбайұлын Бас Мүфти «Тәліп ата» мешітіне бас имамдыққа тағайындағандығын көпшілікке хабардар етті. Сонымен қатар Бас Мүфтидің құттықтауын жеткізіп, сыйға берген картинасын табыстап, өз атынан «Құран» кітабын берді.
Сол сияқты Бахарадин Әбдәзимов, Нұрсерік Құдіреев, Дәуренбек Сандыбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бұлтбай Мүтәлиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, Зәкірхан Талбидин және басқа да құда-жекжаттар мен нағашылары құттықтау сөз сөйледі.
Мешіттің ашылуында хан мен қараша халықтың арасына алтын көпір салып жүрген айтыскер ақындар – жетісулық «Алтын домбыра» байқауының екі дүркін жеңімпазы Жандарбек Бұлғақов пен қазақтың мақтанышына айналған ақын Сырым Әуесханның айтысын тамашалады.
Шардара ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Зәкірхан Талбидин Жанболат Бегежанұлына аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаевтың алғыс хатын табыс етіп, қазақтың дәстүріне сәйкес иығына оқалы шапан жапты. Мешіт құрылысына жер телімін берген қала тұрғыны Ибрагимов Пердебай Жүрерұлына Жамбаев Жанболат алғысын айтып, жеке өз отбасы атынан сыйлық тарту етті.
Ашылу салтанатында қарашаның 20 жұлдызында сағат 10.00-де Есалы құдықтағы қара шаңырақта Тәліп ақсақалдың рухына үлкен ас берілетіндігі, сонымен қатар Жанболаттың әкесі Бегежанның 63 жасқа толуына, балаларының сүндет тойы құрметіне Шардара ауылындағы «Тұрысбековтің көкпар алаңында» сағат 13.00-де үлкен көкпар басталатыны, оған той иелері 25 миллион теңгеге салым тігіп отырғандығы хабарланды.
Бұдан кейін жаңа «Тәліп ата» мешітінің лентасы қиылып, келген жамағат алғашқы жұма намазын оқыды. Соңынан қаладағы «Шардара Холл» мейрамханасында ас беріліп, Жамбаевтар әулетінің өмірден өткен азаматтарына құран оқылды.
Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ