ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Инватакси қызмет көрсетуде

Әлеумет
Инватакси – мемлекеттік әлеуметтік тап-сырыс шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған автомобиль. Инватакси қыз-меті «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көр-сету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация ми-нистрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген.
Мүгедектігі бар адамдар мен балаларға инва-такси қызметі көрсетіледі. Ол үшін мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін көрсететін ұйымға өтінішін, жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін, Қазақстан Республика-сы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № КР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 026/е нысан бойынша дәрігерлік консультациялық комиссияның қорытындысын, №44 бұйрықпен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес мүгедектік анық-тамасының көшірмесін тапсыруы тиіс.
Біздің ауданымызда қазіргі таңда бұл қыз-метті «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлес-тігі көрсетуде. Оның қарамағындағы 4 әлеумет-тік такси мен бір инватакси өткен айда 990 мүмкіндігі шектеулі азаматқа қызмет көрсеткен. Тәулігіне он сағат көлемінде қызмет көрсетеді.
Бүйрек жетіспеушілігімен ауырғандарға жә-не гемодиализ қажет ететін сырқаттарға сенбі күні де қызмет көрсетеді.
– Шардарада қызмет көрсете бастағаны-мызға бір ай көлемінен енді асса да қазірдің өзінде бізге 151 мүмкіндігі шектеулі азамат тір-келіп, қызметімізді алуда. Алдағы кезде олар-дың қатары арта түспек. Оларға сапалы қызмет көрсету бәріміздің азаматтық борышымыз деп білеміз, – дейді қоғамдық бірлестік төрайымы Эльмира Айнабекова.
Мекеменің орналасқан жері аудандық пошта байланыс бөліміне қарсы беттегі автокөліктерге газ құю бекеті.
Байланыс телефондары: 8 747 223 19 09, 8 707 824 99 67, Диспетчер: 8 775 724 17 88
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ
Made on
Tilda