Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына шардаралықтар белсене қатысуда. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығына орай ауданымызға қарасты киелі орындарды тазарту жұмыстары жүргізілді.
Ауданымызда орналасқан «Мүлкі ата» қорымында, Шардара қаласынан солтүстік-батысқа қарай екі шақырым қашықтықта орналасқан «Шардара төбе» қонысы, ауданымызға қарасты Сүткент ауылдық округінен екі шақырым батысында орналасқан «Сүткент қалашығында» сенбіліктер ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ Шардара қаласында орналасқан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнап қойылған Мемориалдық кешенде «Жастар ресурстық орталығының» мамандары мен ерікті жастар сенбілік жұмыстарын жүргізді.