ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Әлеуметтік себет тарқатылды

Әлеумет
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында аудандық орталық аурухана әкімшілігі мен аурухана кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен аурухананың кадр бөлімінің басшысы Қабылова Жұлдызай Қадірбекқызы мен жоспарлау бөлімінің басшысы Дүйсенова Роза Досыбайқызының атсалысуында «Қамқорлық шарасы өтіп, көпбалалы, отбасында мүмкіндігі шектеулі жандары бар және бірқатар әлеуметтік көмекті қажет ететін медицина қызметкерлеріне азық-түлік себеттері тарқатылды. Іс-шарада мерекелік құттықтау сөз сөйлеген аудандық аурухананың бас дәрігері Мухитдин Сейітханов:
–Қазақта «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» деген сөз бар. Осындай қайырымдылық істі өткізудің мағынасы мейірімділік, имандылық, сабырлылық. Мекемемізде осындай ынтымақ пен сыйластық болсын, осындай бір-бірімізге қолдау болсын деген мақсатпен өт кізіліп отыр. Алдағы Тәуелсіздік күнін жақсы көңіл-күймен қарсы алып, одан әрі келе жатқан Жаңа – жылан жылын жақсы ниетпен қарсы алып, мол жетістіктерге жете беріңіздер. Отбасыларыңызға амандық, өздеріңізге мықты денсаулық тілеймін, – деді.
Аурухана кәсіподақ ұйымының төрайымы Анар Тәжибекеева да құттықтау сөзінен кейін кәсіподаққа төлеген мүшелік жарналарының медицина қызметкерлерінің сауықтыру орындарында демалуына, әлеуметтік шараларға жұмсалатынын, бұл сол шаралардың бірі екендігін атап өтті.
Әлеуметтік себет алғандар атынан сөз алған Е.Федорова мен Гүлсара Қасқараева қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырған аурухана басшылығы мен кәсіподақ ұйымы қызметкерлеріне деген ризашылығын білдірді.
Жалпы алғанда осы күні 150 отбасыға ұн, ақ май, құмшекер, вермишель, күріш, макарон, шай, конфеттер мен вафлиі бар әлеуметтік себет тарқатылды.
Гүлжан
БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Made on
Tilda