Жуырда Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Шардара ауданына іссапармен келді.
Министр ең алдымен Шардара су қоймасының жалпы жағдайымен танысты. Министрге облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков, аудан әкімі А.Қарсыбаев және "Қазсушар" РМК Түркістан филиалының директоры Казыбек Бедебаев атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Н.Нұржігітовке ауданның зиялы қауымы ағын су каналдарының кейбір жерлерін бетондауды, жыл сайын ар-тып келе жатқан егістік жерлерге ағын су беруді арттыруды айтты. Сонымен қатар, министр ауданда индустриалды аймақта салынып жатқан «Казкрахмал» жүгері өңдеу зауыты өкілдерінің құрылыс маңындағы ағын су каналдарына байланысты уәждерін тыңдады.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Молдиярұлы әрбір көтерілген мәселені сала мамандарымен талқылап, оларды оңтайлы шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі