Мен Өстемір Тілегенұлын институтта оқыған студенттік шақтан жақсы танып, білемін. Өйткені, өндірістік тәжірибеден өту үшін Шардарадағы құрылысқа жолдама алған едім. Сол кезеңде Өстемір Тілегенұлы «Кзылкумриссовхозстрой» тресіне қарасты құрылыс монтаж басқармасында прораб болып еңбек етеді екен. Мен іскер азамат, жақсы маманның қолынан тәлім-тәжірибе алғанымды, өзім таңдаған мамандыққа дұрыс қалыптасқанымды осы күнге дейін мақтаныш етемін.
Көп ұзамай білікті маман, тәжірибелі құрылысшы учаске бастығы, бас инженер, №22 жылжымалы мехколоннаның бастығы қызметтеріне көтерілді. Ол кісінің ұйымдастырушылық қабілеті, еңбексүйгіштігі, талапшыл қасиеті басым еді. Осындай қасиеттерінің арқасында өзі еңбек еткен кез-келген ұжымда бедел мен абыройға бөленді. Мұнан соң «Кзылкумриссовхозстрой» трестіне бас инженер болып ауысты. Бірнеше жыл құрылыста еңбек етіп ысылған мені №43 жылжымалы мехколоннаға бас инженер етіп бекітті. Менің бойымдағы қабілетіме сеніммен қарады. Өстемір Тілегенұлы соңынан ерген жас кадрларға қамқорлық танытуды естен шығарған емес. Білімің мен білігіңді, орындаушылық қабілетіңді ескеріп, талап-тілегінен шықсаң, басшылық қызметтің тізгінін кедергісіз тапсыратын. 1977 жылы мені №47 жылжымалы мехколоннаның басшысы етіп тағайындады. Кейінгі жылдары «Кзылкумриссовхозстрой» мен «Чардарастрой» басқармасы екеуі бірігіп, «Чардарастрой» басқармасы аталды. Басқарманы басқару міндеті Өстемір Тілегенұлына сеніп тапсырылды. Мұнан кейін де құрылыстың ауқымды салаларына басшылық жасап, еліміздің көркейіп-өркендеуіне үлесін қосты. Өсекең берілген міндеттің орындалуын қатаң қадағалайтын. Әр аптаның жұма күні жұмыс уақыты біткен соң, әр мекеменің атқарған жұмысын жік-жігімен тексеріп, саны мен сапасы туралы есеп қабылдайтын. Қажетті мәселелер, кемшіліктер жан-жақты талқыланатын. Алдағы атқарылатын жұмыстардың жоспары жасалатын. Өстемір Тілегенұлының техникалық сауаты, жауапкершілігі жоғары еді. Әр жұмыстың үлкен-кішілігіне қарамай, мінсіз орындалуына маңызды көңіл бөлетін. Салғырттығың мен бейқамдығың болса, аямай қатаң шара қолданатын.
Өстемір Тілегенұлы Шардараға әкім болып тұрған кезінде де халықтың қиналмауының қамын жеп, көп қайрат танытты. Қиындықтан шығудың жолдарын батыл шешті. Аз жылдар ішінде ауданның экономикасын көтере білді.
Мен Өстемір Тілегенұлымен осы күнге дейін қоян-қолтық араласып тұрамын. Өткен жылдарымызды, асқан жолдарымызды еске аламыз.
Еңбегімен ел құрметіне бөленген азаматтың 80 жасқа толған мерейтойы құтты болсын!
Құттыбек СЕРМАҢЫЗОВ,
ардагер құрылысшы,
Шардара ауданының Құрметті азаматы.