Уақыт – ұлы күш. Ол бәрін өзгертеді, бәрін сарапқа салып, жаңаша қырынан танытады. Биыл Шардара ауданына 60 жыл толып отыр. Бұл – тек сан ғана емес, бір ұрпақтың маңдай тері мен жанкешті еңбегімен жазылған тұтас тарих. Осы алпыс жыл ішінде ауданның медицина саласы да сан қилы кезеңдерді бастан өткеріп, бүгініне табандылықпен жетті.
Мен өз еңбек жолымды осы киелі өңірде бастағаныма әрдайым мақтан етемін. "Қызыләскер" орта мектебін бітіргеннен кейін, Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына» оқуға түсіп, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтадым. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Ленгір қаласында бір жыл көлемінде тәжірибеден өтіп, 1986 жылы еңбек жолымды Шардара ауданының «Восход» совхозындағы (қазіргі Қоссейіт ауылы) ауылдық ауруханасында дәрігер болып бастадым.
Ауылдық ауруханада 16 жыл бойы үздіксіз қызмет етіп, тәжірибе жинақтадым. Әріптестерімнен көп нәрсе үйреніп, ауыл тұрғындарының құрметіне бөлендім.
Уақыт өте келе біліктілігімді арттырып, 2002 жылы аудандық туберкулез диспансеріне бас дәрігер болып тағайындалдым. Бір жылдан кейін аудан басшылығы мені Қазақстан ауылдық ауруханасына бас дәрігер етіп жіберді. Бұл кезеңде менің алдымда жаңа міндеттер тұрды: ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету, аурухана қызметкерлерінің жағдайын жақсарту, заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету және білікті мамандарды тарту жұмыстарыма көңіл бөлдім.
Сол жылдары, ең алдымен, құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі үлкен мәселе болды. Медициналық құрылғылар ескірген, ал кейбір қажетті аппараттар мүлде жоқтың қасы еді. Қазіргідей бір рет қолданылатын шприцтер мен құралдар ол кезде болмады. Біз барлық медициналық құрал-жабдықтарды бірнеше рет пайдалану үшін арнайы қайнатып, залалсыздандырып барып қолданатынбыз. Бұл өз кезегінде үлкен уақыт пен мұқияттылықты талап ететін. Сол жылдары ауыл медицинасында көптеген қиындықтар болды. Жедел жәрдем көліктері жоқ, шақырған үйлерге жаяу баратын кездеріміз де аз болмады. Кешкілік жарық сөніп қалса, май шаммен науқастарды қарап, ем жүргізген кездер де есімде.
Кейін аудандық аурухананың терапия бөлімінің меңгерушісі, 2009 жылы аудандық аурухананың бас дәрігері болып тағайындалдым. Бұл кезеңде аудандық орталық ауруханаға заманауи медициналық жабдықтар алынып, жаңа технологиялар енгізілді.
Кадр мәселесі де үлкен түйткілдердің бірі болды. Ауылдық жерлерге жас мамандардың келуі сирек еді. Ауруханаларда білікті мамандар жетіспей, кейде бір дәрігер бірнеше міндетті қатар атқаруға мәжбүр болатын. Осы мәселелерді шешу үшін жас мамандарды іздеп, оларды өңірімізге тарту жұмыстары жүргізілді. Сол еңбектің арқасында аудандық медицина біртіндеп дамып, білікті дәрігерлер қатары көбейді.
Аудандық аурухананы бес жыл басқарып, 2014 жылы екінші рет аудандық туберкулез диспансеріне бас дәрігер болып бардым. Қазіргі таңда аудандық орталық аурухананың фтизопульмонология бөлімінде дәрігер болып қызмет атқарудамын.
Қазіргі таңда Шардара аудандық орталық ауруханасы заманауи технологиялармен жабдықталған. Емдеу барысында жоғары технологиялық құрал-жабдықтар қолданылады. Мемлекет тарапынан жүргізілген реформалардың нәтижесінде медициналық қызмет сапасы айтарлықтай жақсарды. Дәрігерлердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлініп, олар түрлі оқыту курстарынан өтіп келеді.
Өзімнің осы салаға арнаған жылдарымды ой елегінен өткізсем, медицина саласында еңбек етудің маңыздылығы мен жауапкершілігін бұрынғыдан да терең түсінемін. Адам өміріне араша болу – әр дәрігердің ең басты міндеті. Сол себепті, біздің басты мақсатымыз – халықтың денсаулығын сақтау, науқастарға сапалы қызмет көрсету.
Алдағы уақытта да аудан медицинасының өркендеуіне өз үлесімді қоса бермекпін. Аудан халқын және барша әріптестерімді ауданның 60 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс, мықты денсаулық тілеймін!
Жоланбек НЫСАНБАЕВ – аудандық орталық аурухананың фтизапульманология бөлімінің дәрігері.