Мерекелі де берекелі болған 2024 – Ұлу жылын өзге мекемелер қатарлы аудандық «Шартарап-Шарайна» аппараттық-танымдық газетінің ұжымы да жақсы жетістіктерімен қорытындылады. Атап айтқанда газет материалдарымен қоса QR код арқылы мақаланың суреттері мен видеотүсірілімдер газетте қосымша беріле бастады. Ауданда салынып, ел игілігіне беріліп жатқан нысандар жайлы ақпараттар дер кезінде оқырман қауымға жеткізіліп отырды. Мемлекеттік бағдарламалар мен оның атқарылуы жайлы да газет арқылы көпшілік қауым хабардар болып отырды.
Сонымен қатар еңбек адамы, кәсіпкерлер, ұстаздар мен дәрігерлер жайлы да мақалалар топтамасы жарияланды.
Осы жұмыстарға атсалысқан газет қызметкерлері Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мекеме басшылығы тарапынан түрлі деңгейдегі номинацияларға ие болды.
Атап айтқанда газеттің бас редакторы Қары Нұрмахан Қауысұлы «Жылдың үздік бас редакторы», Сейдуәлиев Жаңабай Әліқұлұлы «Жылдың үздік журналисі», Ысқақова Райхан Аманжолқызы «Жылдың үздік газет беттеушісі», Тәжі Аяжан Сәрсенбайқызы «Жылдың үздік тілшісі», Тәжібек Еркежан Нұрақынқызы «Жылдың жас тілшісі», Орынбасарова Гүлжан Бейсенбайқызы «Жылдың үздік операторы» номинацияларына ие болды.
Номинацияларды табыстаған «Нұр-МБК» өндірістік кооперативінің төрағасы Қариев Нұрболат Нұрмаханұлы газет қызметкерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттар табыстап, алдағы жұмыстарында мол жетістіктер тіледі.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ