Шежіресі терең, тарихқа бай Шардара ауданы биыл мерейлі 60 жылдық белеске көтерілді. Дархан даланың төсінде бой көтерген бұл өңір тек табиғатымен ғана емес, елдің іргесін бекітіп, еңсесін тіктеген арда азаматтарымен де қымбат. Өткен күннің өнегесін бүгінге жалғап, маңдай терімен, тынымсыз еңбегімен туған жердің тұғырын биіктеткен ардагерлер – аудан шежіресінің алтын әріптермен жазылған беттері. Осы орайда, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Шардара аудандық филиалы «Ардақты ардагерлер» сериясы аясында елге еңбегі сіңген азаматтарды дәріптеу ісін жалғастырып, олардың жарқын істерін кейінгі ұрпаққа насихаттауды басты мұрат санайды.
Тарих – ұлттың жадын жаңғыртатын ұлы құндылық. Оны жасаған жандардың өмір жолы – кейінгі ұрпаққа аманат. Биыл 60 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Шардара ауданы да осындай азаматтардың маңдай терімен, қажырлы еңбегімен қалыптасып, өсіп-өркендеді. Сондай тұлғалардың бірі – Әбубәкір Сыздықов.
Бүгінде тоқсанның төріне шыққан ақсақал – ауданның тірі шежіресі, кемел парасат пен тағылымды тәжірибенің иесі. Ол – Кеңес дәуірінде қалыптасып, тәуелсіздік жылдарында да ел дамуына өзіндік үлесін қосқан азамат. Қай кезеңде болмасын, туған жерінің өркендеуіне аянбай қызмет етіп, халықтың игілігі үшін еңбек етті. Оның ғұмыр жолы – адалдық пен жауапкершілікке негізделген өнегелі өмірдің айқын үлгісі.
Білімге басталған ізденіс жолы
Әбубәкір Сыздықов 1933 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм (қазіргі Отырар) ауданына қарасты Балтакөл ауылында дүниеге келген. Жастайынан білімге құштар болған ол 1947-1950 жылдары Түркістан педагогикалық училищесін тәмамдап, ұстаздық жолын бастайды.
Дегенмен, уақыт талабын жіті түсінген жас жігіт қаржы саласына бет бұрып, 1955 жылы Ташкент қаржы-экономикалық институтын бітіріп шығады. Кеңес дәуірінде одақтас республикалардың орталықтарында орналасқан жоғары оқу орындарына түсу де, оны табысты аяқтау да оңайға түспейтін. Бірақ талапты жастың қайсарлығы мен табандылығы оны алға жетелеп, арманын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Еңбекпен өрілген өмір
Еңбек жолын 1955 жылы Киров аудандық атқару комитетінің жоспарлау бөлімінде аға экономист қызметінен бастаған Әбубәкір Сыздықов небәрі үш жыл ішінде бөлім басшысы атанып, жауапты қызметтерге араласады.
Осы жылдар ішінде ол тек қаржы саласында ғана емес, қоғамдық-саяси жұмыстарда да белсенділігімен танылды. Киров ауданында комсомол ұйымының хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, бастауыш партия ұйымының хатшысы сынды лауазымдарды атқара жүріп, халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді.
1958 жылы Мәскеуде өткен КСРО Халық шаруашылығы көрмесіне қатысуы оның еңбегіне берілген зор баға еді. Бұл көрмеге қатысу бақыты кез келген маманға бұйыра бермейтін. Аталған шара ел экономикасының дамуына үлес қосқан үздік мамандардың басын қосатын беделді жиын болатын. Осы сапардан кейін жас маманның біліктілігі арта түсті.
Шардарамен тағдыр
тоғысы
1964 жылы Әбубәкір Сыздықов Шардара ауданына қоныс аударып, осы өңірдегі өркендеуге өз үлесін қосты. Аудан жаңадан құрылып жатқан тұста экономист мамандарға деген сұраныс жоғары болатын. Ол Шардара кеңшарында партия ұйымының хатшысы, кейін аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін абыроймен атқарды.
Ал 1971 жылдан бастап Көксу кеңшарында партия ұйымының хатшысы қызметін жалғастырды. Бұл кезең Әбубәкір Сыздықовтың ең жемісті жылдарының бірі болды. Кеңшардағы шаруашылықты жетілдіру, экономикалық әлеуетін арттыру ісіне белсене араласып, ауылдың дамуына ықпал етті.
1988 жылдан бастап аға экономист ретінде жұмысын жалғастырған ол 1994 жылы 45 жылдық еңбек өтілімен зейнетке шықты. Бірақ өмірін тек еңбекпен ғана шектемей, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуын тоқтатқан жоқ.
Еңбек
адамына – ерен құрмет
Әбубәкір Сыздықовтың елге сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, бірнеше мемлекеттік марапаттарға ие болды. Оның ішінде:
«Құрмет белгісі» ордені,
«Тыңды игергені үшін» медалі,
«Еңбек ардагері» медалі,
«В.И. Лениннің 100 жылдығы» мерейтойлық медалі, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50, 60 және 65 жылдық медальдары бар.
Бұл марапаттар – оның ел үшін жасаған еселі еңбегінің лайықты жемісі.
Берекелі әулет – елдің айнасы
Өнегелі азамат қызметте ғана емес, отбасында да көпке үлгі бола білді. 1957 жылы Қалдығыз Сыздықовамен шаңырақ көтеріп, алты бала тәрбиелеп өсірді.
Қалдығыз апай да Шардара мен Көксу совхоздарында клуб меңгерушісі болып қызмет атқарып, аудандық және ауылдық қыздар кеңесінің төрайымы ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Сонымен бірге бірнеше мәрте ауылдық кеңестің депутаты болып сайланып, ел ісіне араласты.
Сыздықовтар отбасы бүгінде үлкен әулетке айналды. 20 немере мен 20 шөберенің қызығына кенеліп отырған қос қария өздерінің ұрпағының берекелі өмірін көріп, шүкіршілік етуде.
Құрметке лайық тұлға
Шардара – тарихы терең, тұғыры берік мекен. Ауданның жарты ғасырдан астам уақытта жеткен жетістіктері – ел ағаларының еңбегімен өлшенеді. Әбубәкір Сыздықов солардың бірі әрі бірегейі.
Бүгінде тоқсаннан асқан ақсақал елдің берекесін тілеп, жастарға ақыл-кеңесін айтып, шежірелі ғұмырын жалғастырып келеді. Ол – қажырлы еңбегімен ел құрметіне бөленген абзал жан, Шардараның шынайы шежіресі.
Ауданның дамуы жолында тер төккен азаматтарды ардақтау – біздің парызымыз. Сол еңбектің бағалануы мен насихатталуы – ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. Көзі тірі ардагерлерімізді құрметтеу – бүгінгі ұрпақтың міндеті.
Біз тоқсанның төрінен қол бұлғап тұрған Әбубәкір атамызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Нұрлан СМАИЛОВ
Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі