Жыл бойы атқарылған жұмыстардың жыл соңында қорытындысы шығарылып, оған үлес қосқан азаматтардың еңбектері еленіп, басшылық пен жоғарғы органдар тарапынан марапатталып жататыны айнымас дәстүрге айналған. Жаңа жыл қарсаңында Шардара аудандық аналар кеңесінің төрайымы, «Мейірім» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Зейнеділова Ұлдықыз осындай құрметке бөленіп, қуаныш иесі атанды.
Ол облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін Түркістан облысының 2024 жылғы «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясының иегері болды.
Ұлдықыз Жәлелқызы еліміз егемендік алған алғашқы жылдардан әлеуметтік салада жиырма жылға жуық қызмет атқарған. Зейнеткерлікке шыққаннан соң да «Мейірім» жастар қоғамдық бірлестігін ашып, биылғы жылы Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Береке» қоғамдық бірлестігінің «YEY-дың ұйымдық және институционалдық дамуы» тақырыбында жарияланған жобасы аясында «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» жобасы бойынша Шардара қаласының екінші шағын ауданында Т.Ибраемов көшесі бойына балаларға арналған ойын алаңшасын салып, пайдалануға берген.
Еңбек өтілінің соңғы он жылдан астам мерзімінде аудандық ішкі саясат бөлімінде атқарған Ұлдықыз Зейнеділованың еткен еңбегі ескеріліп, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алғыс хатымен, «Еңбек даңқы», «Шардара ауданына 55 жыл», «Домалақ ана» төсбелгілерімен марапатталған.
Ұлдықыз Жәлелқызының Жаңа жыл қарсаңындағы қуанышына ортақтаса отырып, биылғы Жылан жылы да Сізге зор табыс, мол жетістік алып келсін деп тілейміз.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ