Сәбит Лахановтың «Ауылда ақын атандым» шығармашылық кеші өтті.
Қазақ ерте заманнан сөзге шешен халық. Қазақ әдебиетінде өзіндік орындары бар жерлестеріміз жетерлік. Шардара ауданынан шыққан ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, өзге саланың маманы болғанымен өлең-сөзде өзіндік орны бар екендігін танытып қойған Бауыржан Қарабеков, бүгінде арамыздан озған белгілі түркітанушы, сыншы-ғалым, ақын, Әмірхан Балқыбек, Төлеген Айбергенов атындағы, «Серпер» жастар сыйлықтарының лауреаты Әлібек Шегебайлар бүгінде шардаралықтардың ғана емес, күллі қазақтың мақтанышына айналып отыр.
Осындай таланттарды дүниеге әкелген Шардара шаһарының киелі топырағында дарынды жандар жеткілікті.
Жуырда аудандық Мәдениет сарайында жоғарыда аталған ақындардың ізін жалғастырған, өзіндік ойымен, өзіндік қарым-қабілетімен өзін өзгелерге таныта білген өнер иесі, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы, «Қазыбек Иса» атындағы шығармашылық бірлестіктің төрағасы Сәбит Лахановтың 50 жасқа толған мерейтойына арналған «Ауылда ақын атандым» атты шығармашылық кеші өтті.
Кешке ақынның әдебиеттегі ұстаздары, қаламдас-замандас серіктері, ауылдас ағайын-жұрты, оқырмандары және өнерпаздар мен БАҚ өкілдері қатысты. Кеш тізгінін аудандық Мәдениет сарайының қызметкері, термеші Сәкен Бегманов ұстап, алқалы жиынның шымылдығын мерейтой иесі Сәбит Лаханов жыр жолдарымен ашты.
Ақынның өмір жолынан сыр шертетін бейнесюжет көрсетіліп, көпшілікке ақынның өмір жолы таныстырылды.
Лаханов Сәбитхан Қоспанұлы 1974 жылы 24 тамызда Жетісай ауданында (бұрынғы Киров ауданы, ХХ-партсъезд кеңшары) дүниеге келген. 1991 жылы Шардара ауданына қарасты қазіргі Қоссейіт ауылындағы «Сырдария» орта мектебін бітіріп, еңбек жолын 1991 жылы аталған ауылдағы «Алғабас» өндірістік кооперативінде жұмысшы болып бастаған.
2002-2006 жылдары аудандық «Өскен өңір» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2006-2010 жылдары аудандық «Шартарап-Шарайна» ақпараттық-танымдық газетінде жауапты хатшы, редактор, бас редактор қызметтерін, 2009-2012 жылдары аудан әкімінің баспасөз хатшысы қызметін қоса атқарды. 2011-2021 жылдар аралығында аудандық «Өскен өңір» газеті директор-бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың шілдесінен бері «Шардара аудандық «Өскен өңір» газеті» ЖШС директор-бас редакторы. 2015 жылдан бері аудандық «Қ.Иса атындағы шығармашылық бірлестік» қоғамдық ұйымының төрағасы қызметін, 2024 жылдың тамыз айынан бастап «Аманат» партиясы Қызылжар бастауыш партия ұйымының төрағасы қызметін қоса атқарып келеді.
Сәбитхан Қоспанұлының өлең-жырлары Шардара аудандық ақын-жазушылардың «Ақ шағала жырлар» жинағына, Оңтүстік Қазақстан облысы ақындарының «Оңтүстік орамдары», республикалық «Жыр маржандары» атты қазақ поэзиясының 10 томдық ақындар антологиясына енген. «Арман жолында» атты жыр жинағының авторы.
Ол аудандық, облыстық, Республикалық жыр мүшәйраларында бірнеше рет жеңімпаз атанды.
Шығармашылықпен бірге қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хаттарымен», ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен «ҚР Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен, облыс әкімінің «Алғыс хатымен», облыстық мәслихаттың «Құрмет грамотасымен», бірнеше рет аудан әкімінің «Алғыс хатымен», аудандық мәслихаттың «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 2011 жылы «Аудан көлеміндегі журналистика саласының үздігі» атанды. Республикалық Ауған соғысы ардагерлері Одағының «Қамқоршы», қоғамдық бірлестіктердің «Қазақ хандығына 550 жыл», «Қазақ Республикасына 100 жыл», «Алпамыс батыр», «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін», «Мінсіз қызметі үшін», «Шардара ауданының құрылғанына 55 жыл», «Шардара қаласының құрылғанына 50 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы сөз сөйлеп, ақынды мерейтойымен құттықтап, аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың «Құттықтау хатын» табыстады.
Ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, бірнеше мемлекеттік наградалардың иегері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Сергей Есенин атындағы Алтын медальдің Қазақстандағы тұңғыш иегері, жерлесіміз Қазыбек Иса ақынға жүрекжарды тілегін арнады.
– Осыдан біраз жыл бұрын, 2013 жылы болу керек, әр облыстың ақындарын «Дала ақындары» деген атаумен 18 облыстан 18 кітап шықты. Оңтүстік өңірінің ақындарының өлеңдері сол кітапқа енген. Оның ішінде Сәбиттің де өлеңдері енді. 18 кітаптың тұсаукесері Алматы қаласында өтіп, сонда дүйім жұрттың алдында өлең оқыды. Сәбиттің поэзия әлеміне жасаған алғашқы қадамы осы кезде болса керек. Өзінің өлең жолындағы «Ауылда ақын атандым, Шықпай-ақ жұқа кітабы» деп келетін өлең жолдары бар. Бүгін жарыққа шыққан кітабың құтты болсын! «Мүмкіндік болса жазбауға, Әсілі дұрыс жазбаған» деп келетін өлең жолдарынан түсінетініміз, Сәбитте мүмкіндік болмаған жазбауға, сондықтан жазған өлеңді. Мүмкіндік болмай жазылған, жазбауға қоймай жазылған өлеңдер шынайы болады. Сәбиттің өлеңдерінің ерекшелігі де шынайылығында болса керек,- деп баға берген Қазыбек Жарылқасынұлы, «Ақжол» қоғамдық демократиялық партиясының атынан Қазақ хандығына 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығына 550 жыл» Күміс медальмен марапаттады.
Сонымен қатар, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Декларациясының қабылдануына қол қойған қоғам қайраткері, осы өңірдегі шаруашылықтарды басқарған, бірнеше ауданда аудан әкімі қызметін атқарған, жерлесіміз Зәуірбек Салықбай, 2011-2019 жылдары «Өскен өңір» газетін басқарған Есенбай Бисенбиев, «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы, Шардара ауданының Құрметті азаматы Ережеп Бекет, ақын «Қазыбек Иса атындағы шығармашылық бірлестіктің» тұңғыш төрағасы Нұрғали Ыбрайым, Шардара ауданының Құрметті азаматы, Ауған соғысы ардагерлер қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалы төрағасының кеңесшісі Қылыш Сәтпаев, «Мақтаарал» аудандық газетінің жауапты хатшысы Ұлжанат Смайылова, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шардара аудандық бөлімінің қызметкері Нұрлыбек Дүйсенбекұлы, Еңбек ардагері, қарт құрылысшы, Әбдібай Төреұлы, Шекара қызметі Арнасай бөлімінің бастығы Қартқожақов Нұрлан Қайратұлы құттықтау сөз сөйледі.
Осыдан кейін ел ағалары ақынның «Арман жолында» атты жыр кітабының тұсауын кесіп, естелікке суретке түсті.
Сәбит Лаханов елге танымал бірнеше сазгердің әндеріне әдемі сөз жазған. Әсіресе, әуесқой сазгер, жерлесіміз Ахмет Молдағұловпен тығыз шығармашылық байланыста болып, тамаша әндерді дүниеге әкелді. Ол әндердің бірқатарын еліміздің эстрада жұлдыздары орындап жүр.
Осындай танымал әндердің бірі – бүгінде шардаралықтардың әнұранына айналған «Кел, досым, Шардараға» әнін Ахмет Молдағұлов пен әнші, бірнеше байқаулардың жеңімпазы Бақберген Омаров орындады. Әнін әуесқой сазгер, аудандық Мәдениет сарайының директоры Ағабек Дөңбай, сөзін Сәбит Лаханов жазған «Гүлденген Бәйдібегім» әнін аудандық саз мектебінің мұғалімі, әнші Ұлдар Қанжігітова орындаса, әнін Асқар Жайлаубаев, сөзін Сәбит Лаханов жазған «Шардара кештерінде» әнін Айдар Әлмұрат орындап, әнін Ахмет Молдағұлов, сөзін Сәбит Лаханов жазған «Сен білемісің?» әнін Бақдәулет Бәкіров пен Маржан Келдібай керемет орындап, көпшіліктің қошеметіне ие болды.
Кеште ауданымыздағы белді білім ордасы болып саналатын «Сырдария» және «Қоссейіт» жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, 4 жасар өлеңқұмар Қарақат Қайрат, №12 жалпы білім беретін мектептің оқушысы, ақынның қызы Қасиет Сәбит Қоспанұлының өлеңдерін оқыды.
Ақын – сөз маржанын кестелеп, өлеңмен өреді. Ақындық – кез келген жанға беріле бермейтін Алланың сыйы. Ақынның болмысы бөлектеу, жаратылысы ерекше, жарқын келеді. Осындай мөлдір, таза ойдан шыққан өлең моншақтары өзіне еліктірмей қоймасы анық. Сәбит Қоспанұлының өлеңдері де өзінше жүрек түкпірінен үн қатады. «Ауылда ақын атандым» атты шығармашылық кештің қорытындысы ақынның өзі өлең шумақтарын оқуымен аяқталды.
Шығармашылық кештен рухани азық жинаған көрермен кеш иесіне зор алғыс білдіріп, естелікке суретке түсті.
Аяжан СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ