ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Кәсіпкер бильярдтан жарыс өткізді

Әлеумет
1 наурыз – Алғыс айту күні мен Рамазан айы биылғы жылы бір күнге тура келді. Осыған орай ауданымыздың кәсіпкері, «Жыл үздігі – 2024» номинациясының иегері Сабыров Мұхтар Құттыбайұлы демеушілік жасап, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келіп қызмет алушылар арасында бильярдтан жарыс өткізді.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған орталық басшысы Аббаз Тұрғынбаев Алғыс айту күні – Қазақстандағы этникалық топтар мен ұлттар арасындағы бірлікті нығайтатын адамдардың бір-біріне ықпалын арттыратын қайырымдылық жасалатын күн екендігін атап өтіп, кәсіпкер Мұхтар Құттыбайұлының алдағы жұмыстарында мол жетістіктер тілеп, спортшыларға сәттілік болсын деді.
Екі күнге созылған жарыстың нәтижесі бойынша 70 жастан асқан бильярдшы ардагерлер арасында бірінші орынға Қалмырза Бәкір ие болды. Екінші орынды Оралбай Бердалыұлы, үшінші орынды Тәңірберді Ағманұлы, төртінші орынды Шардахмет Жүнісбекұлы иеленді.
Ал, 70 жасқа дейінгі бильярдшылар арасында бірінші орынды Байдулла Талипов, екінші орынды Оразбай Қойбағаров, үшінші орынды Ауғанбек Тилепов, төртінші орынды Әлібай Тұрсынбеков иеленді.
Жеңімпаздарға кәсіпкер Мұхтар Құттыбайұлы дипломдар мен медальдар және қаржылай сыйлық тапсырды.
Сонымен қатар Рамазан айының басталуына орай орталыққа келіп қызмет алушылар мен ауданның зиялы қауым өкілдеріне дастарқан жайып, өмірден өткен ата бабаларының рухтарына құран бағыштатты.
Гүлжан Бейсенбайқызы
Made on
Tilda