ШАРТАРАП ШАРАЙНА

«ЕҢБЕК ОЗАТЫ» ТӨСБЕЛГІСІН ТАҒЫНДЫ

Әлеумет
Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап мемлекет алдын-да іскерлік қабілеті жоғары кадр-ларды дайындау мәселесі тұрса, ол 1999 жылдан бастап «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен айшықтал-ды. Ал бұл Заңға уақыт ағымына қарай 2013 жылы толықтырылулар мен өзгерістер енгізіліп, сонымен қа-тар 23 маусым – Мемлекеттік қыз-метшілер күні болып белгіленді. Бұл мемлекетіміз тарапынан оларға де-ген үлкен құрметтің белгісі.
Осы мерекеге орай «Қызмет, мем-лекеттік банк мекемелері және қо-ғамдық қызмет көрсету қызметкер-лерінің салалық кәсіподағы» қоғам-дық бірлестігінің Түркістан об-лыстық филиалының төрайымы К.Есебаеваның шешімімен ауданы-мыздағы мемлекеттік қызметшілер – аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі-нің бас маманы Карибаева Рабиға Усербайқызы, «Ақшеңгелді» ауыл-дық округі әкімшілігінің бас маманы Сүлейменов Орынбек Джуманұлы және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Оспанов Алмас Әмзеұлы Түркістан облысы мемлекеттік меке-мелер қызметкерлерінің кәсіподағы-ның «Еңбек озаты» төсбелгісімен ма-рапатталды.
Марапаттарды табыс еткен аудан әкімі аппарат басшысының міндетін уақытша атқарушы Мырзағали Қарымсақов марапат иелерін құт-тықтап, алдағы жұмыстарында жаңа жетістіктер тіледі.
Сол сияқты марапат алған мем-лекеттік қызметшілерді «Қызмет, мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызмет-керлерінің салалық кәсіподағы қо-ғамдық бірлестігінің Шардара ау-дандық филиалының төрайымы Бақтыгүл Биманова да құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына аман-дық тіледі.
Марапаттарыңыз құтты болсын құрметті, мемлекеттік қызметшілер!
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ
Made on
Tilda