Жаңа жыл – күнтізбенің ауысып, кез келген жан Жаңа жылдан өзгеше жақсылық пен оң өзгерістер күтетін, әсіресе, балалардың ерекше сезіммен асыға күтетін мейрамы.
Осы орайда, аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың қатысуымен «Ақ дастархан» мейрамханасында ҚР Президентінің атынан өткізілетін балалардың Жаңа жылдық шыршасы өтті.
Мерекелік шараға ауданымыздағы әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасыдан шыққан балалар қатысты.
Әсем кештің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар да ортадан табылды. Сонымен қатар, ертегі әлеміндегі әдемі көріністер көз тартарлықтай безендірілген жасыл шырша айналасындағы ғажайыпқа толы қойылымдар, әсем әнмен, әдемі бимен жалғасын тауып, көңілді кешке айналды. Жаңа жылдық шыршаның шамын жағып, бүлдіршіндердің қуанышына ортақтасқан аудан әкімі Арман Романұлы және аудандық мәслихат төрағасы Бұлтбай Мүтәлиев балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ақжарма тілектерін жолдады.
– Тарихымыздың төрінде екі жылдың тоғысқан сәтінде айтылатын ақ тілектің орны бөлек. Әрбір адамзат баласы Жаңа жылдан жақсылық күтеді. Әсіресе бүлдіршіндеріміз мерекені ерекше қуанып қарсы алады. Балаларымыздың қуанышын, жүздеріндегі күлкіні көру ең үлкен бақыт. Баршаңызға осынау сәтті пайдалана отырып, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен шаттық тілеймін, – деді аудан басшысы.
Мерекелік шарада әуелете шырқаған әншілер, мың бұралған бишілер балаларға ерекше әсер сыйлап, балаларға аудан әкімінің атынан мерекелік сыйлықтар үлестірілді.
А.СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ