Қаладағы екінші шағын аудан-дағы дәрігерлік амбулаторияда жалпы тәжірибелі дәрігер болып қызмет атқаратын Бердикул Шолпан Нурбекқызы жас та болса өз ісін жете меңгерген дәрігер. Қазіргі таңда өзіне қарайтын №42 учаскедегі 1895 жанның денсаулықтарын үнемі бақылауында ұстап отырады. Елібаева Сымбат, Мекенбай Айжарқын, Қаракөсеева Тахмира, Халу Әсемкүл, Рыспаева Сапаркүл сияқты мейірбикелермен бірге артериалды гипертениямен ауырып, есепте тұратындар, жүкті әйелдер мен балалы үйлерді аралап, қан қысымдарын өлшеп, қажетті тегін дәрілерін апарып беріп бақылау жасайды. Түрлі жұқпалы ауруларға қарсы екпе егеді. Нәтижелерін күнделікті компьютерге ендіреді.
Шолпан мектепті бітірген соң әкесі Нурбектің қалауымен Қожа-Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Жалпы медицина» факультетіне оқуға түсіп, бітіріп шығады. Кейіннен «Жалпы тәжірибелі дәрігер» біліктілігін алады.
–Мен Шолпанды үш жылдан бері білемін. Өзімді жайсыз сезінсем оған келемін. Ол алдымен жағдайымды сұрап, жылы сөзімен, содан соң қас-қабағымен жаныма шипа сыйлайды. Содан соң емін жасайды. Қолының жеңілдігі ме, болмаса жылы сөзінің әсері ме, ине салғанын сезбей де қаламын. Батамды беріп, дертімді сол жерде қалдырып, үйіме тамаша көңіл-күймен қайтамын, – дейді Семей ядролық сынақ полигонының ардагері Қарсыбай Тұранов.
Қазіргі таңда бұл дәрігерлік амбулаторияның ауқымы кеңейіп, №5 учаскесіндегі 2000-ға жуық тұрғынға да қосымша дәрігерлік көмек көрсетуде. Дәрігерлердің талапқа сай қызметтеріне көпшілік ризашылықтарын білдіруде.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ