Өткен аптада Кәсіпкерлік мектебінде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы аясында аудан тұрғындарына халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тегін заң көмегі көрсетілді.
Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.ks желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Акцияның ашылу кезінде аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев кез-келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден – белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары мен басқа да заңгерлерден тегін қажетті консультация ала алатындығын атап өтті.
Акцияда №5 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Нұрбол Тәжібаев қабылдауына келгендерге денсаулығына байланысты мүгедектіктің қалай белгіленетіндігі, қандай адамдар мүгедектікке шыға алатындығы, Түркістан – Қызылорда облыстары өңіраралық заң Консультанттары палатасының мүшесі Анықбек Акимбеков әкелікті анықтау, алиментті қалай өндіру, түрлі тіркеулер жайлы, ал Түркістан облысының сот орындаушысы Нұрлан Бакиров заңгерлік көмек сұрай келгендерге борышкерлердің мүліктеріне неге тиым салынып, банктік есептері не себепті жабылатыны, оны ашу жолдары, атқару парағы негізінде қандай жұмыстар атқарылатындығын, сонымен қатар талапкерлердің талабымен оң шешім қабылданған сот қаулыларын орындау бойынша жасалатын жұмыстарды түсіндірді.
Сондай-ақ бірқатар азаматтар аудан әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы Саят Мұханбет пен аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторы Серік Естаевтардан заңды құқықтық кеңес алды.
Елімізде «Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналған. Оған қарапайым халық ризашылығын білдіруде. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8 мыңнан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысқан. Құқықтық көмекке жүгінген 165 мыңнан астам азамат сұрақтары бойынша кеңес алған.
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы алдағы кезде де жалғаса береді.
Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ