Аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті жиыны болып, оған кеңес мүшелері мен бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары қатысты. Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков өткен жарты жылдықта атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жұмыстар жөнінде де бастауыш ардагерлер ұйымы төрағаларына ескертпе жасады.
Биыл да ауданда «Қарттар күні» аталып өтілетіндігін, онда марапатталатын ардагерлерді іріктеу қажеттігін, сонымен қатар әр бастауыш ұйым төрағасы қариялардың үйіне барып құттықтауды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.
Жиынды «Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясы аясында бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары Ибрагим Бектұрсынов пен Мұсахан Марқабаевтың көшеаралық тазалық байқауын ұйымдастырып, оған атсалысқан ардагерлерді аудандық ардагерлер кеңесі мен қала әкіміне марапаттауға ұсынып, жақсы жұмыс жасап жатқандарын атап өтіп, өзге бастауыш ардагерлер ұйымы да тазалық жұмыстарына осылайша атсалысуы қажеттігін айтты.
Бұдан кейін ардагерлер түгелдей тазалық акциясына қолдау білдіру мақсатында «Ардагерлер үйінің» айналасының шөбін шауып, сенбілік өткізді. Оған қатысқан аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, теолог Асылхан Данияров:
–«Тазалық – иманның жартысы» дейді. Қаланың таза болуына әрбір шардаралық өзінің үлесін қосуы керек. Аудан әкімінің бастамасына қолдау білдіріп, жастарға үлгі көрсетіп жатқандарыңыз үшін аудан басшылығы атынан алғысымды білдіремін.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей қаламыз бұдан да тазарып, шырайланып, гүлдене береді деп ойлаймын, – деді.
Осындай «Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағаларының ұйымдастыруымен әр шағынауданда, ауылдар мен көшелерде де өткізілетін болды.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ