ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Тұрғындарды жұмыспен қамту ісі жандана түседі

Әлеумет
2025 жылдың 31 қаңтар күні Шардара аудандық «Мансап орталығы» филиалының директоры Н.Майхановтың төрағалығымен ұжым қызметкерлері арасында "Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында жиналыс өтті.
Жиында филиал басшысы Мемлекет басшысы кәсіптік білім беруді реформалаудың маңыздылығын 2024 жылдың қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқандығы, 2025 жыл “Жұмысшы мамандықтар”жылы біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал ететінін атап айтты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII ҚРЗ «Мансап» орталығы Әлеуметтік Кодексте көзделген жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыруда еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда орындауды жүзеге асыратын бірден-бір мекеме болғандықтан, халықты жұмыспен қамтуды дамытудың жай-күйін бағалауды, болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асыра отырып, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыратындығы жөнінде мекеменің бөлім басшыларына жеке дара тапсырмалар берілді.
Шардара аудандық “Мансап орталығы” филиалының баспасөз қызметі
Made on
Tilda