Әке-асқар тау, арқа сүйер тірегің. Қиналғанда бірінші көмек көрсетер қамқоршың, ақылшың. Алдағы өміріңе бағыт көрсетер шамшырағың, темірқазығың. Олар барда ісің де берекелі, өмірің де баянды, бақытты.
Менің әкем Сейітқасым Әшіров те сондай керемет жанның бірі болды. Ел басына қатер төнгенде соғысқа аттанып, ерлік көрсетіп, елге Батыр болып оралып, бейбіт өмірде де қоғамға өз үлесін қосып, артында өзіндік өшпестей ізі мен өнегесін қалдырған жан. Әкем туралы талай естеліктер айтып, мақтаныш етсем де орынды деп білемін.
Әкем Әшіров Сейітқасым 1924 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Қызылқұм ауданы Қоғам ауылында туылған. Әскер қатарына 1942 жылы 6 маусымда Арыс әскери комиссариатынан шақырылған. Самарқанд қаласында мергендердің 3 айлық курсын бітіріп, 1942 жылдың қазан айында майданға жіберілген. Бірінші Белоруссия майданының 96 атқыштар дивизиясында, 331-полктің құрамында қатардағы жауынгер, кейіннен Смоленск бағытында барлаушы болды. 1942-1945 жылдары взвод командирі қызметін атқарды. 1944 жылы Заболотье деревнясында жанында екі барлаушымен бірге қорғаныс шебіне кіріп, миномет батареясына кенеттен шабуыл жасады. Бірнеше жау солдаттары мен офицерлерін қолға түсірді. Бұл ұрыста ерен ерлік көрсетті. 1944 жылы Гомель қаласын азат ету үшін болған шайқасқа қатысқаны үшін әкем Қызыл Ту орденімен марапатталды. Бұдан кейін соғыста көрсеткен ерліктері Қызыл Жұлдыз және III дәрежелі Даңқ ордендерімен атап өтілді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылы 24 наурыздағы Жарлығымен барлаушылар С.Әшіров, М.Еремин, полк командирі полковник Н.В.Мамоновқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен бірге Алтын Жұлдыз медалі қоса тапсырылды.
Әкем соғысты 1945 жылы 3 мамырда Бірінші Беларусь майданының құрамында Балтық жағалауында аяқтады.
Соғыстан кейін 1946-1948 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып қызмет атқарады. Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіріп, заңгер мамандығын алып шықты. 1951-1957 жылдары Қызылқұм аудандық сотында халық судьясы болып істеді. Кейін Шардара ауданы, «Шардара» кеңшарында директордың орынбасары қызметін атқарды.
Осы қызметті атқара жүріп әкем Самарқанд қаласындағы ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, ғалым-зоотехник мамандығына ие болды. 1964 жылдары «Көксу», «Шардара» кеңшарында бас зоотехник, директордың орынбасары, кейінгі жылдары осы кеңшардың директоры болып істеді.
Өмірлік жары, анамыз Жәмиләмен бірге Қаракөз, Ботагөз, Бахыт, Алтынай, Болат, Сапаркүл секілді ұл-қыздарын тәрбиелеп өсірді. Бәрі жоғары білімді, үлгілі отбасылы болды. Бәріміз де әкеміз көрсетіп берген сара да адал жолмен жүріп, еңбек етудеміз.
Ұлы Отан соғысында және еңбектегі ерліктері үшін әкем Сейітқасым
20 орден және басқа да түрлі медальдармен марапатталған.
Әкем 2004 жылы 1 шілдеде 80-ге келген шағында дүниеден өтті. Топырағы Отырардан, әйгілі Арыстанбаб әулие жанынан бұйырды.
Ел үшін, қоғам үшін еткен еңбек қашанда ескерусіз қалмайды екен. Әкеме деген елдің құрметі өмірден өткеннен кейін де артпаса кеміген жоқ. Мектептерге, саябақтарға, көшелерге есімі беріліп, қойылған бюсттеріне мерекелерде гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсетілуде.
Атап айтар болсам, өткен жылы әкем Сейітқасымның 100 жылдығына орай Шардара, Отырар аудандарында ауқымды іс-шаралар өткізіліп, бірге жүрген замандастары, қызметтестері, көзін көргендер естеліктер айтты.
Шардара ауданындағы «Тұңғыш Президент саябағындағы» еске алу шарасында зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, немере ағам Уәлихан мен қарындасым Алтынай естеліктер айтып, бюстіне гүл шоқтарын қойды.
Сол сияқты Отырар ауданының Қоғам ауылындағы әкемнің атындағы мектептің алдындағы ескерткішіне, Арыс өзені бойындағы саябақтағы қос батыр – Сейітқасым Әшіров пен Темірбек Ибрагимовтің ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, осындағы Мәдениет сарайында ауқымды шара өтті. Ол жерде қоғам қайраткері Қуаныш Айтахановтан бастап, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, әпкем Қаракөз, тағы басқа да әкеммен бірге қызмет жасаған зиялы қауым өкілдері естеліктер айтты. Жазушы Болат Шарақымбайдың әкемнің 100 жылдығына арнап шығарған «Сұрапыл сынақ ғұмыры» кітабының тұсауы кесіліп, қатысушыларға таныстырылып, ақын Айыпберген Балтабаев (Айыпнұр) арнау өлеңдерін оқыды. Соңынан ас беріліп, әкемнің рухына құран бағышталды.
Міне, әкемнің жарқын бейнесі мен ерлігі, атқарған жұмыстары ел есінде сақталғандығының бір куәсі. Мұндай шараларды биылғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аясында көптеп өткізу қолға алынуда.
Сондықтан да барша шардаралықтарды, олардың қатарында әкемнің көзін көрген, қызметтес болған азаматтарды Жеңіс мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, атқарып жүрген жұмыстарына мол жетістіктер тілеймін.
ӘШІРОВ Бақыт Сейітқасымұлы, – Кеңес Одағының Батыры С.Әшіровтің ұлы