Қадірлі «ERNUR» корпорациясының ұжым мүшелері!
Сіздерді «ERNUR» кор-порациясының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер еліміздің Оңтүстік өңірінде көшбасшы болып оқырмандардың сұранысын қамтып келесіздер. Түркістан облысындағы барлық аудандарда, Шымкент қаласында толықтай жазылыммен тұрақты түрде айналысатын филиалдарыңыз бар. Бұл өңірлердегі оқырмандардың 50 пайызға жуығы мерзімді басылымдарды сіздер арқылы алдыртып оқиды.
Жалпы алғанда каталогтарыңыздағы екі мыңнан астам мерзімді басылымды оқырманның жаздырып алуына мүмкіндігі бар.
Шардара аудандық «Шартарап-Шарайна» ақпараттық-танымдық газетінің меншік иесі «Нұр-МБК» өндірістік кооперативі де өздеріңізбен 20 жылдан астам уақыт көлемінде тығыз байланыс жасап келеді. Газеттің сапалы да көркем безендіріліп шығарылып, оның оқырмандарына өз уақытында жеткізілуіне қосып жүрген үлестеріңіз мол деп білеміз. Бұл байланыс алдағы кезде де нығайтып, өз жалғасын таба бермек.
Құрметті, әріптестер! Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен газет ұжымы атынан құттықтай отырып, бар-шаңызға алдағы уақытта толағай табыстар, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.
«Шартарап-Шарайна» ақпараттық-танымдық газетінің редакторы Нұрмахан Қары
«Нұр-МБК» ӨК төрағасы Нұрболат Кариев