ШАРТАРАП ШАРАЙНА

«ҚАМҚОРЛЫҚ» қамқорлық көрсетуде

Әлеумет
Ауданымызда өткен жылдың басынан бері өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды ерте анықтау және оларға қолдау көрсету функцияларын жүзеге асыру мақсатында Шардара ауданы әкімдігінің аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлі-мінің «Қамқорлық отбасын қолдау» орталығы құры-лып, халыққа қызмет көрсете бастады.
Орталық қызметінің негізгі бағыты бюджет есебінен өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды ерте анық-тау және оларға тиісінше қолдау көрсету болып. Мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде неке және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөнінде шараларды іске асыру, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, оларға әлеу-меттік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу. Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарды бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұратын дағдарыс орталықтарына орналасуына көмек көрсету, мемлекеттік отбасы саясаттарының бағыты мен шаралары туралы ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу болып табылады.
Қазіргі таңда «Қамқорлықтың» қамқорлығын көптеген адамдар көріп те жүр.
– Әр түрлі жағдаймен шалыс басып, пробация есебінде тұрған, тұрмыстық жағдайы төмен 13 отбасына ұн, макарон, ақ май, шай, шекер, күрішпен қамтылған азық-түлік себеттері тарқатылды. Отбасыны қолдау орталығы қызметкерлерінің бастамасымен «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында сауапты іс жасауға ұйытқы болып қажы ағаларымыздың қолдауымен 200 мың теңге құрайтын азық-түлік табысталды.
Жалпы сауап жасаймын деген жомарт жандар болса біздің отбасын қолдау «Қамқорлық» орталығына ха-барласып, мұқтаж жандардың көңілін көтеруге атсалысуларына болады, – дейді орталық басшысы Әділхан Исатай Бұхарбайұлы. Орталық қызметкерлерінің алдағы жұмыстарына да мол жетістіктер тілей отырып, мұхтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып, көмектесемін деген жомарт жандарға «Қам-қорлық» орталығының мекенжайын ұсынамыз.
Шардара қаласы, Төлеби көшесі, 103 үй.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ
Made on
Tilda