ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ЖАҢА САЯБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Әлеумет
 Шардара қаласында саябақтар саны тағы біреуге артатын болды. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев бүгін тиісті сала маман-дарымен бірге жаңа демалыс аймағына ар-налған жерді барып көрді. Шардара-Шымкент трассасы мен Шардара-Жаушықұм трассасының қиылысқан тұ-сынан, «Болашақ» шағынауданынан ашыла-тын саябақта тұрғындардың жайлы дема-лып, көңілді сейіл-серуен жасауы үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.
Жалпы аумағы 4 гектарға жуықтайтын саябақтың қазығы келесі аптада қағылып, құрылыс жұмыстары басталмақ. Аудан басшысы Арман Романұлы жаңа нысанда жүргізілетін жұмыс жобасын тағы бір пысықтап, құрылыстың сапалы әрі уақтылы аяқталуы қатаң бақылауда болатындығын атап өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda