Ауылды өркендету шараларының бірі - өндірісі дамыған орталықтармен байланыс жасап, олардың озық тәжі-рибелерін үйреніп, іс жүзінде жүзеге асыру болып табылады. Бұл бағыт қазіргі таңда ауыл шаруашылығында да кең үрдіске айналып отыр.
Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев пен Алатау батыр ауылдық округінің әкімі Мейірбек Ақжаров бастаған кәсіпкерлер тәжірибе алмасу мақса-тында Сайрам ауданының кәсіпкерлерімен, ауыл шаруа-шылығы тауарларын өндірушілермен тәжірибе алмасып қайтты.
Ондағы мақсат – Сайрам ауданындағы озық тәжірибе-лерді пайдаланып, ауылда өнім өндіру көлемін арттыру. Олар алдымен сүт өңдейтін кәсіпорын жұмысымен танысты. Цех небәрі 50 шаршы метр жерге орналасса да сүттен жеті түрлі өнім шығарады екен. Брынза, сыр, құрт, қаймақ секілді өндірілген өнімнің бәрін Шымкент қаласына, облыс аудандарына сатылымға шығарып, төрт адамды жұмыспен қамтып отыр.
Сол сияқты кәсіпкерлер жылына бір жерден екі рет өнім алуға болатын технологиялармен танысты.
Жеке кәсіпкер «Аян» шаруашылығында бір гектар жерге қызанақ, қиярды су үнемдеу технологиясымен егіп, одан алынған өнімді консервілеп, банкіге жауып, Қазақстанның бүкіл аймағына таратады. Сонан соң мал бордақылайтын орталықта болып ондағы жұмыс тәсіл-дерімен танысты. Көп қаржы жұмсал-майды. Ауылда жүзеге асыруға мүм-кіндік бар.
–Жылдағы дәстүр бойынша өзге жерлердегі озық тәжірибені пайда-ланып, мол өнім алуды әр ауылда жүргізуге аудан әкімдігі тарапынан кәсіпкерлерге көп қолдау көрсетілуде. Аудан кәсіпкерлері тәжірибе үйрену мақсатында Өзбекстанның өнім шығарушыларының жұмысымен, Жаркенттегі жүгері өңдеу зауытының жұмысымен, енді міне, сайрам-дықтардың өнім өсіру, оны өткізу жұмыстарымен таны-сып отыр. Алдағы уақытта біздің кәсіпкерлеріміз де толық осы жұмыстарды қолға алатын болады, – дейді аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев.
Ауыл әкімі Мейірбек Ақжаров та тәжірибе алмасуға барған 15 кәсіпкердің Сайрамдағы кәсіпкерлердің жұ-мыстарына қызығушылық танытқанын айтып, кәсібін ашамын деген кәсіпкерлерге ауыл әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілетіндігін айтты.
Жаңабай ӘЛІҚҰЛҰЛЫ