ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ШАРУАЛАР ПИЯЗ ЕГУДІ БАСТАДЫ

Әлеумет
Мемлекет басшысының аймақтарға ауыл шаруашылығының егіс алқаптарында суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, мейлінше құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту, су үнемдейтін технологияны ауқымды түрде енгізу қажеттілігі жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда аудандағы бірқатар шаруа қожалықтары осы бағыттағы жұмыстарды күшейткен.
Мәселен, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылындағы «Тұрар» шаруақожалығы 32 гектар аумаққа пияз дақылын тамшылатып суару әдісімен егуді бастады. Бұдан бөлек, шаруа қожалығы қосымша 18 гектар жерге бақша егуді жоспарлауда. Шаруаның сөзінше, тамшылатып суару әдісі – ағын суды үнемдеп қана қоймай, артық арамшөптерден таза болуына да мүмкіндік береді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Made on
Tilda