ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Аудан басшысы «Қасиет» орталығына массаж креслосын табыстады

Әлеумет
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы үш жыл көлемінде аудандағы ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың күнделікті барып, тиісінше көмек алатын орнына айналған. Орталыққа келушілер оннан астам қызмет түрін пайдаланады.
Апта басында аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы аудан әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы, аудан әкімшілігінің аппарат басшысы Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жоламан Тұрлыбековпен бірге орталыққа барып, онда қызмет алушылармен кездесіп, орталықта құрылған өнерлі әжелердің дайындық-тарымен танысып, алдағы кезде орталық жұмысы мұнан да жандана түсетіндігін айтты. Сонымен қатар орталыққа массаж жасайтын диван – креслоны тарту етіп, ардагерлерге мықты денсаулық тіледі.
Өз кезегінде ардагерлер де өздерінің орталықтан түрлі деңгейде ем алып, сонымен бірге спорттық шараларға белсенді түрде қатысатындықтарын, осындай жағдай жасалуына ықпал жасағаны үшін аудан басшысы мен орталықтың басшысына алғыстарын білдірді.
Келесі кезекте Арман Романұлы орталықтағы дене шынықтыру мен жаттығу залын, кітапхана, дәрігерлік көмек, құқықтық көмек, массаж бөлмелерін аралап көрді.
Жаңабай ӘЛІҚҰЛҰЛЫ
Made on
Tilda