Жаңа жыл қарсаңында Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты «Ақберді» елдімекені көгілдір отын көзіне қосылды.
Нысанды іске қосу шарасына аудан әкімі Арман Қарсыбаев қатысып, жергілікті тұрғындарды құттықтады:
– Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы жағымды жаңалықтардың бірі, міне, Ақберді елді мекенін газ көзіне қосу шарасы болып отыр. Жалпы Шардара ауданы бойынша 10 елді мекен, яғни Ұзын-ата, Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент, Ақалтын, Егізқұм, Достық, Көксу, Қоссейіт, Шардара және Шардара қаласындағы 12 бірлік шағын аудан табиғи газбен қамтамасыз етілген, халықтың табиғи газбен қамтылу деңгейі 98 пайызды құрап отыр. Халыққа қолайлы жағдай жасау жұмыстары қарқынды түрде жалғаса бермек, – деді Арман Қарсыбаев.
Сонымен қатар шараға қатысқан аудан ардагерлері де өз ыстық лебізлерін жеткізді.
Шардара ауданы әкімінің
баспасөз қызметі