Шардара қаласында күнделікті көптеген игілікті іс-шаралар өтіп жатыр десек артық айтқандығымыз емес.
Соның бірі 7 мамыр – Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 33 жыл, Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 80 жыл толуына орай Шардара қаласының орталық көшесінің бойына қойылған Кеңес Одағының Батыры Абылай Әлімбетовке орнатылған билборд болды.
Орталық көшенің Абылай Әлімбетов көшесімен түйісетін жерінде – жолдың екі бетіне қойылған бұл билбордтар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұсынысы мен Шардара қаласы әкімінің шешімі негізінде жүзеге асты.
Қоғамдық бірлестіктер мен жас кәсіпкерлердің және басқа да азаматтардың демеушілігімен ұйым-дастырылып, атқарылған бильбордтың ашылу салтанатына зейнеткерлер, еңбек ардагерлері, «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет қатысып, құттықтау сөз сөйлеп Жеңістің оңайлықпен келмегенін, сол үшін бұл күннің қадірін жас ұрпақ түсініп, олар қалыптастырған отансүйгіштікті, бірлікті сақтап өсулері керек деді.
Шардаралықтар осылайша батырларына мерекелік құрмет көрсетті.
Ж.ӘЛІҚҰЛҰЛЫ