Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ауданымызда қарқынды жүзеге асырылуда. Экоакцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.
Аудан әкімі А.Қарсыбаевтың бекіткен жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында қала мен ауылдық округтерде сенбіліктер ұйымдастырылды. Бұл шараларға 19 880 адам қатысып, 463 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар мен арам шөптер шығарылды. Ауданды көгалдандыру мақсатында 20 150 көшет отырғызылып, Шардара-Келес, Шардара-Жетісай, Шардара-Арыс бағытындағы облыстық маңызы бар күре жол бойларында тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 169 шақырым аяқ жолдар мен 155 шақырым ирригация жүйелері тазаланып, 304 рет қоқыс шығаруға арнайы техника тартылды.
Жуырда ұйымдастырылған сенбілікке қала мен ауылдық округтерден мемлекеттік мекемелер, ерікті жастар, тұрғындар және қоғамдық жұмысшылардан бір жарым мыңға жуық адам белсенді қатысып, ретсіз өскен арамшөптер қырқылып, 12 техника тартылып, 42 тонна қоқыс арнайы полигонға төгілді.
«Тазалық – денсаулық кепілі» демекші, бұл шаралар ауданымыздың экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей, барша аудан тұрғындарын осы игі бастамаға белсене қатысуға шақырамыз.
«Шартарап–Шарайна»–ақпарат