«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағына, 30-бабының 1-тармағына сәйкес Нұрахов Ержан Сапарұлы 2024 жылғы 4 қарашадан бастап, аудан әкімінің №1-199 «Ө» өкімімен Шардара ауданы әкімдігінің аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы лауазымына тағайындалды.
Ержан Сапарұлы 1986 жылғы 16 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында туылған.
2007 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін, 2024 жылы Шымкент университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын Шардара аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор болып бастап, «Оңтүстік Қазақстан облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Шардара аудандық бөлімінде реттеу залының басшысы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Отырар аудандық бөлі-мінде бөлім басшысы, Мырзакент кенттік бөлімінің басшысы, Асықата кенттік бөлімінің басшысы, Шардара ауданыындағы "Хамит" ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде әкімшілік директор, "VITA" ЖШС директоры, Шардара қаласы әкімі аппаратында коммуналдық сала бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.
Ержан Сапарұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып жаңа жұмысында жемісті де, жеңісті шаруалар атқарады деп сенеміз.
«Шартарап-Шарайна»
газетінің ұжымы