Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, облыстық үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Нарбек Мықтыбаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов, аудан прокурорының орынбасары Дәурен Романов, аудандық Мансап орталығы филиалының директоры Нартай Майханов, аудандық пробация бөлімі бастығы Нұрдаулет Аширбаев және пробация есебіндегі азаматтар қатысты.
Күн тәртібінде:
Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік көмектер беру мәселелері қаралды.
Түркістан облысы пенитенциарлық жүйесіндегі проблемалардың шешілуіне бағытталған “Жол картасының” орындалу барысы талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша:
Әрбір пробация есебінде тұрған азаматтың әлеуметтік жағдайы жеке-жеке қаралып, оларды жұмысқа орналастыру, кәсіпке баулу, әлеуметтік көмек көрсету, медициналық жәрдем алу, лизингпен техника рәсімдеу мәселелері бойынша нақты кеңестер берілді.
Қоғамға қайта бейімделу – басты мақсат!
Бұл шаралар пробация есебінде тұрған азаматтардың жаңа өмір бастауына, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және тұрақты жұмыспен қамтылуына үлкен мүмкіндік бермек.