Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Бұл күн мемлекетіміздің қайта жаңғыру күні. Осыдан 34 жыл бұрын мемлекетіміздің егемендігі туралы декларация қабылданған сәттен тарихи әділеттік орнады. Бұл маңызды құжат Қазақстанның тәуелсіз жолын ашты» деп атап көрсеткен болатын. Біз жыл сайын Республика күнін тарихи жетістіктеріміз бен құндылықтарымызды еске ала отырып атап өтеміз. Біздің ауданымызда да жүзеге асырылған ауқымды жобалар мен атқарылған жұмыстар баршылық. Ол жұмыстарда шардаралықтардың барлығының да лайықты үлесі бар деп ойлаймын. Сіздерді ұлы мерекемен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Республика күні құтты болсын! – деді.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Отан алдындағы әскери борышын мінсіз атқарып, Батыс Қазақстанда орын алған су тасқынына қарсы шараларына белсене қатысқаны үшін алдағы кезде де тәуелсіз еліміздің өркендеуі мен дамуына үлес қосатынына сенім білдіре отырып Нұрлыбек Мусырманұлын мерекемен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар осы ерлігі үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың арнайы сыйлаған қол сағатын табыс етті.
Сол сияқты Шардара аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №26-144-VIII шешімімен берілген Нұрпейісов Мұратбек Айтуұлы, Абишев Осман Молдағалиұлы, Бектасов Дәулетбек Төлбасыұлы, Бибосынов Сырымбет Бейсембекұлы, Жұмабек Қабыланбек Райымбекұлы, Тлешова Құралай Құралбекқызы, Жанаев Даулетхан Темірханұлы, Қарабаев Ержан Қошқарұлы, Нөсеров Нұржан Ахметұлы, Сейдилдаев Жолбарыс, Тәженов Ағатай Әбілұлы, Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы және Туракулов Нұржан Омарбекұлына «Шардара ауданының Құрметті азаматы» атағының куәліктері мен төсбелгісін табыс етті.
Келесі кезекте құттықтау сөз сөйлеген Шардара аудандық мәслихатының төрағасы Мүтәлиев Бұлтбай Лесбекұлы «Республика күні әрбір қазақстандық үшін ерекше мереке. Бұл күн біздің тарихымызға, құрметіміз бен болашағымызға деген сеніміміздің белгісі және ата-бабаларымыздың аңсаған армандарының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған күн. Сондықтан ұлттық мерекеміздің мәнін ұғынып, оның тарихын білу баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе беруіне тілектеспін. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болған осы салтанатты күні барлық аудандық мәслихаттың депутаттары атынан Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!» деген тілегін білдіріп, Бекет Ережеп Құдайбергенұлы, Аманов Жора Нематұлы, Сәтбаев Қылышбай, Әнуаров Тойшыбек, Бекпенбетов Асқанбай Мүслімұлы, Дәуренов Мусырманқұл Пардабайұлы, Шитенова Майра, Жалғасбаев Талғат Серікбайұлы, Жамбаев Алмасхан Бегежанұлы, Сахов Таңсықбай Өтегенұлы, Ибадуллаев Асанхан, Нуралиев Ахметхан Әліханұлы, Сүлеев Ерғали Пердебекұлы және Дауылбаев Мұхтар Дәулетұлына «Шардара ауданының Құрметті азаматы» атағының куәліктері мен төсбелгісін табыс етті.
Мерекелік шарада Азамат Әлиакбаров «Қазақстан», Бақберген Омаров «Өз елім», Мөлдір Бақытжанқызы «Туған жер», Асқар Жайлаубаев «Шардара кештері», Сырымбет Бибосынов «Қайран дүние» әндерін орындады.
Республика күніне арналған «Шаттыққа бөленген Шардара» атты өнер кеші «Алты алаш» алаңында жалғасын тапты. Кеш қонақтары, эстраданың жарық жұлдыздары, композитор, әнші Ғазизхан Шекербеков, Мөлдір Бақытжанқызы, Асқар Жайлаубаев, Айзада Асылхан, Азамат Әлиакбарұлы, Шахзат Сана және аудан өнерпаздары ән салып, жиналғандардың көңілдерін көтерді.
Жаңабай ЖІГЕРҰЛЫ