ШАРТАРАП ШАРАЙНА

«Шартарап-Шарайна» газетіне – 23 жыл

Әлеумет
Шардаралықтардың үлкені мен кішісі сүйіп оқитын аудандық «Шартарап-Шарайна» ақпараттық-танымдық газетінің шыға бастағанына 23 жыл толды, яғни осы мерзім ішінде өз оқырмандарымен 1150-ші рет жүздесіп отыр.
Газеттің әр шығарылымында аудандағы жағымды жаңалықтармен қатар облыс, республика көлемінде болып жатқан өзекті оқиғалар жөніндегі мақалаларға да орын беріледі. Сонымен қатар ауыл шаруашылы-ғы, өндіріс, құрылыс, денсаулық, білім салалары бойынша мақалалар жиі жарияланып, сала маман-дарының іс-тәжірибесі мен ұсыныс-пікірлері жария-ланады. Мерекелі күндерге орай мақалалар топта-масы, атаулы күндерге байланысты арнайы беттер ұйымдастырылады. Газет оқырмандарының, шығар-машылықпен айналысатын ақындардың мақала, шығармаларына да орын беріледі.
Өткен жылдан бастап газетте мақалалармен қатар оған қатысты фотосуреттер мен видео түсірілімдер QR арқылы қосылып беріле бастады. Бұл оқырманның жарияланған мақала туралы жан-жақты толығырақ ақпарат алуына мүмкіндік туғызды. Тұрақты авторларымыздың саны жыл сайын артуда. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей жас авторларға да журналистер тарапынан қолдаулар мен көмектер көрсетіліп, жыл соңында редакция тарапынан ынталандырылып отырады. Газетте оқырмандар сүйіп оқитын «Жастар беті», «Балдырған», «Проза», «Поэзия», «Керек кеңес», «Алтын ұя» сынды айдарлар тұрақты түрде берілуде. Алдағы кезде де оқырмандардың талабына орай тақырыптар саны арттырылып, жаңартыла бермек.
«Шартарап-Шарайна» ақпараттық-танымдық газетінің 23 жылдығымен газет оқырмандары мен авторларын құттықтай отырып, алда газеттің ширек ғасырлық, жарты ғасырлық мерекесінде де қуанышты бірге бөлісе береміз деген сенімдемін. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, атқарып жүрген жұмыстарыңызда мол жетістіктер, бақ-береке тілеймін.
ҚАРЫ Нұрмахан Қауысұлы –«Шартарап-Шарайна» ақпараттық-танымдық газетінің редакторы
Made on
Tilda