Шардара ауданындағы «Шартарап-Шарайна» ақпараттық танымдық газеті көпшілік үшін тәуелсіз басылымдардың бірі болғанымен, біз үшін журналистика саласына шыңдаған, жастық шағымыздың жарқын сәттері өткен қасиетті қара шаңырақ. Өңірдегі қолына қалам ұстаған жастарға жол көрсетіп, шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік берген «Шартарап-Шарайна» газеті талай таланттың тұсауын кесті, болашағына бағдар берді. Алғашқы еңбек жолын осы газетте бастаған әріптестеріміз бүгінде облыстық және көршілес аудандық басылымдарда абыройлы еңбек етіп жүр. Ал поэзияға құштар шардаралық ақындар, өнерлі таланттар, спортқа құштар жастар да газетпен етене байланысып, рухани серігіне айналдырған. Бұл жекеменшік газетті ашып, ақпараттық нарықта өзіндік орны бар басылым қалыптастырған қаламгер Қары Нұрмахан Қауысұлы ағамыздың жемісті еңбегінің нәтижесі деп білемін.
Міне, осындай жақсы істердің басында тұрған, жастарға жол көрсеткен Нұрмахан ағамыз 22 ақпанда 65 жасқа толып отыр. Мерейтой қарсаңында іскерлігі мен адамгершілігі үлгі болған өресі биік, талғамы терең аға жайлы айтпақпыз.
Газетте бірге қызмет етіп жүрген жылдарда ағамыздың жанында жүріп жақсы мінез қалыптастырдық, іскерлік қабілетімізді дамыттық десек артық айтқандығымыз болмас. Нұрмахан аға тәлім-тәрбие жайында көп әңгімелейтін. Әсіресе, жар таңдауда қателеспеу керектігін, дұрыс көзқарас пен жақсы мінез қалыптастыру адамның болашағына тигізер ықпалы орасан зор екендігін айтып, кейде «Сенің осы әрекетің дұрыс болмады» деп өз ойымен бөлісіп, арасында мысалдармен жұмсақ жеткізетін. Бұл кемшілігімізді бетімізге айтып, ренжітіп алмайын деген ағалық қамқорлық екенін әрине, кейіндеу түсінетінбіз.
Газеттің қыр-сырын, макет жасау тәртібі, талғаммен дизайн таңдау, әр сөздің мән мағынасына қарай дұрыс қолдана білуге үйретуден еш жалықпайтын. Қазірдің өзінде ағамызға жиі қоңырау шалып, әңгіме айтып, ақыл кеңесіне жүгініп отырамыз.
Нұрмахан ағаның қарапайымдылығына, еңбекқорлығы, жаңа технологияны жатсынбай еркін және жылдам меңгеруіне тәнті болып келеміз. Ағамыз кәсіпкерлік қабілеті мен баспасөзге деген шынайы сүйіспеншілігінің арқасында көп қиындықтарға мойымады. Өзін әрдайым жетілдіріп, рухани дамытып, ізденуден жалыққан емес. Білгенімен әрдайым бізбен бөлісіп, жол көрсетіп келеді.
Жұбайы Тұрсынай жеңгеміз жас ұрпақ тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан жан. Әрдайым ағамызға қолдау көрсетіп келеді. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, немере сүйіп отырған аяулы әже, ардақты ата.
Нұрмахан ағамызды мерейтойымен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс, бақ-береке тілейміз.
Ізгі ниетпен,
Ұлжанат ИСМАИЛОВА,
Зұлхымар ДІЛДӘБЕК– «Мақтаарал» қоғамдық-саяси газетінің журналистері.
Мақтаарал ауданы.