ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ – ӨЗБЕКСТАНДА

Әлеумет
Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасына сәйкес, көршілес мемлекеттермен тәжірибе алмасу мақсатында, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы бастаған бір топ облыс жастары, іссапармен Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласына барды.
Шара аясында жастар «TEXNOPARK» жауапкершілігі шектеулі серіктестік орталығының жұмысымен танысты. Орталықтың негізгі мақсаты – импортты алмастыратын өнеркәсіп өнімдерін, құрылыс материалдары мен тұрмыстық техниканы кең ауқымда өндіру бойынша өндірісті ұйымдастыру, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу. Жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын өндірістерді құру бойынша алға қойған міндеттерін іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған 20-ға жуық жоба біріктірілген. Нақтылай кетсек, 2024 жылы IT-парк жобасы кеңейтіліп, 7 гектарға жуық жерді қамтиды. Оның ішінде 385 мың 2 шаршы метр жалпы құрылыс алаңын құрайды, оған мыналар кіреді: мәжіліс залдары бар 17 жоғары сапалы ғимарат, IT академиясы, IT университеті, спорт кешені, коворкинг орталықтары, IT резиденциялары, қонақ үй және кеңсе кеңістігі. 2022 жылдың қыркүйегіне дейін 6 кеңсе ғимараты, конференц-зал және 1800 көлікке арналған тұрақ салынды. Сонымен қатар, барлық жандарға мүмкіншіліктер қарастырылған, демалыссыз жұмыс жасайды. Оған қоса мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлек кабинеттер, қыз балаларға арналған секциялар ашылған. Сондай-ақ логистикалық орталықтың бірқатар кәсіпорындарын біріктіріп, 10 000 жасты жұмыспен қамтамасыз ете отырып, “TEXNOPARK” Орталық Азиядағы ең қуатты, перспективалы және бәсекеге қабілетті өндірістік кешенге айналып үлгерген.
Жалпы, “IT PARK” орталығының ең басты мақсатының тағы бірі де бірегейі – шетелдегі үлкен компанияларды өздеріне тартып, өз мамандарын қызметке орналастыра отырып, жастарды жұмыспен қамту. Қазіргі таңда Өзбекстанда 27 IT орталықтары мен 205 IT мектептері жұмыс жасайды.
Бота Болатова
Made on
Tilda