ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Биылғы жыл берекелі болады

Әлеумет
Ауданда бүгінге дейін 1200 гектар күздік бидайдан 3730,0 тонна, 1500 гектар жаздық арпадан 4 380,0 тонна өнім алынып, жиын-терім жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда 9 865 гектар бақшадан 193 000,0 тонна, 600 гектар көкөністен 18000,0 тонна, 250,0 гектар картоптан 2 500,0 тонна, 19 438 гектар жаңа және ескі жоңышқадан 151 000 тонна өнім жиналып, қалған ауыл шаруашылығы дақылдарының жиын-терімі жалғасуда.
Алдағы уақытта сүрлемдік және дәндік жүгері, маш, күнбағыс, күріш, мақта жинау науқаны басталғалы тұр.
Осыған байланысты, 2024 жылы ауданда жүргізілетін күзгі жиын-терім жұмыстарына жәрдемдесу жөніндегі штаб құру туралы ағымдағы жылдың 20 тамызында аудан әкімдігінің №206 қаулысы шықты. Аудандық штаб құрамына «Қазсушар» РМК ТФ ШОБ, аудандық аумақтық инспекция, аудандық полиция бөлімі, аудандық мәслихат депутаты, аудандық фермерлер одағы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудандық орталық аурухана, аудандық электр желілері мекемесі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары, ауыл округі әкімдері және жер мамандары енгізілді. Өткен 2023 жылы облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішевтің төрағалығымен ауданда мақта жиын-терім барысын бақылаушы ретінде және мақта саласында туындаған өзекті мәселелерді шешу үшін облыстағы тиісті басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының қатысуымен жұмысшы топ құрылған болатын. Осының нәтижесінде шаруалардың таразы, лаборатория мәселесі, мақтаның ылғал-дығы, тазалығы сияқты мәселелер дер кезінде шешіліп, шаруалардың қалыпты жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасалған болатын.
Шардара ауданы бойынша 2024 жылғы күзгі жиын-терімді ұйымшылдықтпен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын жұмыстардың іс-шара жоспары аудан әкімінің орынбасары бекітті. Бекітілген іс-шараға сәйкес күзгі жиын-терім науқанына қатысатын ауыл шаруашылығы техникаларының (тракторлар, тіркемелер, автомашина және мақта теретін комбайндар) дайындығын қадағалау, тиімді пайдалануға ықпал жасау, қажетті жағдайларда көрші аудандардан қамтамасыз етуді, жиын-терім кезінде техника және өртке қарсы қауіпсіздік шараларын, жарықпен қамтамасыз етілуін, жол ережелерінің сақталуын және мақта теріміне қажетті терімшілерді ұйымдастыру қарастырылды. Мақта қабылдау пункттерінің жұмыстарын қайта саралау, электр қуатымен қамтылуы, электр желілері арқылы атқарылатын жұмыстардың қауіпсіздік шаралары мен техникалық қауіпсіздік шараларының орындалуын бақылау қолға алынады.
2024 жылы аудандағы шаруаларға «Ырыс МҚҰ» ЖШС тарапынан 511,0 млн.тг (67 шаруа), «Оңтүстік» АИО ЖШС тара-пынан 2442,0 млн.тг (538 шаруа) несие қаржымен, «АиСиСи» ЖШС 600,0 млн.тг (206 шаруа), «Мырзакент» ЖШС 525,0 млн.тг (124 шаруа), «АИИГ Қазақстан» ЖШС 210,0 млн.тг (114 шаруа), фьючерлік қаржымен қамтамасыз етілді.
Аудандағы ауыл округтерінде күзгі дала жұмыстарына 1583 дана доңғалақты техника, 124 дана шынжыр табанды техника, 35 дана астық ору комбайны, 152 дана әртүрлі маркадағы мақта теру комбайны, 1513 дана трактор тіркемесі мен 29 дана бүріккіш дайындалып, қатыстыру межеленіп отыр. Жиналған өнімді қабылдап алуға мақта компанияларының әр ауыл округінде орналасқан мақта қабылдау пункттерінде дайындық жұмыстары басталды. Бүгінге дейін жиналған өнімді қабылдап алуға 2 мақта зауыты, 9 мақта компаниясының әр ауыл округінде орналасқан 40 мақта қабылдау пункті, 40 таразы, 19 лаборотория жұмыс жасауға дайындалуда.
Сондай-ақ Үкімет тарапынан аудандағы шаруаларға күзгі дала жұмыстары үшін шілде-қараша айлары аралығында барлығы 3500,7 тонна, оператор «KZ мұнай-2» ЖШС-на шілде айына-657,8 тонна, тамыз айына- 617,5 тонна, қыркүйек айына-686,7 тонна, қазан айына-1000,0 тонна, қараша айына-538,7 тонна жанар-жағармай бөлінді. Бөлінген жанар-жағармайдың бағасы тіке-лей Шымкенттегі мұнай базасы қоймасынан босатылуы 1 литрі 249,0 теңге, ал аудандағы жанар-жағармай бекеттерінде қызметтерімен (жол шығыны, салық, электр энергия және т.б.) 1 литрі 253,0 теңге. Бұл туралы ауыл округі әкімдеріне шаруаларға жеткізу үшін хабарландырылып және аудандық БАҚ-ға хабарлама ретінде мақала жарияланды.
2024 жылдың күз айында негізгі дақылдары 2 505 гектар күріштік, 12 417,0 гектар жерге егілген мақта дақылын, сондай-ақ басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын жауын-шашынға қалдырмай ұйымшылдықпен уақтылы жинап алуды ұйымдастыру жұмыстары тұр. Осы жұмыстармен қатар, өзекті мәселелердің бірі аудандағы ауыл округтеріндегі шаруалар тарапынан көктем-гі ылғалдандыру жұмыстарына және веге-тациялық суару үшін алынған судың 272 220 245 теңге берешек қарыздарын төлеуді науқан кезінде «Қазсушар» РМК ТО Шардара өндірістік бөлімшесінің мамандары және ауыл әкімдері тарапынан ұйым-дастыру қажет деп есептейміз. Ол жөнінде шаруалардың назарына «Судын да сұрауы бар» атты тақырыпта аудандық газетке ағымдағы жылдың шілде айында мақала жарияланған.
Сонымен бірге күздік жиын-терім науқаны мен қатарлас күздік жер жырту және күздік егілетін дақылдарды егу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, алдағы кезде атқарылатын жұмыстар бөлім мамандары тарапынан тұрақты бақылауға алынған. Қорыта айтқанда, күзгі жиын-терім науқанына дайындық ойдағыдай. Биылғы жыл да берекелі болмақ.
Т.ӘЛІМҚҰЛ–
аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Made on
Tilda