Өткен аптада «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында, шығармашылыққа жаны құмар, өнерге жақын жан, орталықта құрылған «Қасиет» әншілер тобының жетекшісі, сонымен қатар «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына арнап әнұран жазған ақын, Әлібай Тұрсынбековтің «Көңілімнің сәні болған ән-жырым» атты алғашқы шығармашылық кеші өтті.
Рухани кеште орталықтың директоры Тұрғынбаев Аббаз Қасымбайұлы, ақын, термеші Қанат Дауылбаев, орталыққа келіп ем алушы ата-әжелеріміз қатысты. Кештің алғы сөзін орталық басшысы Аббаз Қасымбайұлы ашып беріп, ақынға шығармашылық табыс тіледі.
Әлібай Тұрсынбеков 1959 жылы Шардарада туылып, өскен. Шардара совхозындағы орта мектепте білім алып, тәмамдайды. Әскер қатарында болып, отан алдындағы борышын өтейді. Алғашқы еңбек жолын "Лада сервисте" механизатор қызметінен бастап, кеңес үкіметі тарқағанша сонда жұмыс атқарған. Он жылдан бері қаламды жанына серік етіп, өлең жазып келеді.
– Ақындық Алланың маған берген сыйы. Тоқтаусыз жазып кете беремін. Одан кейін өңдемейді екенмін. Содан бері он жылдай уақыт болыпты. Қоржынымда 100-ге тарта өлеңдерім мен 3 әнім бар. Орталық ашылғаннан бері осында келіп, ем аламын. Осында замандастарымызбен қызықты да мағыналы уақыт өткіземіз – дейді Әлібай Тұрсынбеков.
Кеш барысында Әлібай Тұрсынбеков өзінің «Бір шумақ гүл», «Туған өлке» өлеңдерін оқып, «Ару» атты жыр шумағын көпшілікке таныстырып, тұсауын кесті. Эстрада жұлдыздарының репертуарындағы «Нурикамал», «Қызыл көйлек» әндерін орындады. «Қасиет» тобының әншілері Спакүл, Сапаркүл, Балқия, Қымбат апаларымыз «Қайықта», «Ақ арманым», «Той базар», «Шардара толқындары» әндерін орындаса, Қалдан апа бастаған әншілер тобы «Әже туралы жыр» әндерін орындады.
Сонымен қатар, орталықтан ем алушы ата-әжелер Әлібай Тұрсынбековтің шығармаларын оқып, әсем әндерін шырқап кеш иесінің мерейін үстем етті. Сәуле апа «Сайрап жатыр жүрегім», Айсұлу апа «Сезім сыры», Болсынай апа «Іңкәр сезім» өлеңдерін оқыды.
Кеш соңында келген қонақтар Әлібай ағамыздың иығына шапан жауып жақсы тілектерін айтып, естелікке суретке түсіп тарқасты.
А.ТӘЖІ