2025 жылдың қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне арнайы сұхбат беріп, онда елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын, жастарға арналған қолдау шараларын және мемлекеттік тілдің мәртебесі мен болашағын кеңінен талқылады.
Сұхбатта Президент өткен жылдағы басты жетістіктерді қорытындылады. Атап айтқанда, шағын және орта бизнестің дамуындағы серпінді нетижелерді ерекше атап өтті. Оның мәліметінше, 2024 жылы Абай облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 54 мыңнан асып, 100 мыңнан астам адам жұмыспен қамтыған. Бұл көрсеткіштер ел экономикасының тұрақты өсіміне дәлел болды.
Сонымен қатар, инфрақұрылымдық жобаларға ерекше назар аударылып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламалардың нәтижелілігі талқыланды.
Президент сұхбат барысында жастардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы жастардың білімді, тәртіпті, еңбекқор және бәсекеге қабілетті болуын қолдайтынын жеткізді. Ол жастарды қолдау мақсатында білім беру саласында жаңа мүмкіндіктер ашылып жатқанын, гранттар мен стипен-диялардың саны артқанын айтты.
Мемлекеттік тілдің дамуы мен оны қолдану аясының кеңеюі сұхбаттың басты тақырыптарының бірі болды. Президент қазақ тілінің тек ел ішінде емес, халықаралық деңгейде де беделін арттыру керектігін атап өтті.
Бүгінде қазақ тіліне деген сұраныс артып келе жатқанын айтып, оны қолдау шараларының жалғаса беретінін мәлімдеді. Мемлекеттік мекемелер мен бизнесте қазақ тілінің қолданылу деңгейін арттыру үшін жаңа жобалар әзірленіп жатқаны туралы ақпаратпен бөлісті.
Президент сұхбатында цифрлық экожүйені дамыту мәселесін қозғады. Қазақстанның электронды үкімет саласындағы жетістіктері аталып өтіліп, еліміздің БҰҰ рейтингі бойынша 24-орында болғаны айтылды. Алайда, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жетістікке тоқ-мейілсіп қалмай, алға ұмтылуымызды, ғылым мен білімге құштар болып, жаңа технологияларды меңгеру қажеттігін баса айтты.
Президент жаңа технологиялардың, әсіресе жасанды интеллекттің (ИИ), қоғамның дамуына әсері туралы пікір білдірді. Жасанды интеллекттің қазақ тілінде жұмыс істей алатын платформаларын құру мен дамыту – елдің цифрлық трансформациясының маңызды бағыты деп есептейді. Жасанды интелект болашақта көптеген мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол AI технологияларының қазақ тілінде сөйлей алатын интеллектуалдық жүйелерді жасау арқылы қазақ тілінің жаһандық кеңістікте қолданылуын қамтамасыз ету құралы ретінде қарастыратынын жеткізді.
Еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты ел болашағына бағытталған кешенді идеяларды қамтиды. Ана тілі, ұлттық мәдениет және инновациялар арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, Қазақстанды заманауи әрі мәдени тұрғыда бай елге айналдыру мақсаты айқындалды.
Аяжан ТӘЖІ