Мен Амангелді Молдағазыұлы Төлеевпен сексенінші жылдардың аяғында кездестім. 1987-ші жылдың желтоқсанынан бастап 1990 жылдың шілдесі аралығында Москвада, СОКП Орталық комитетінің Ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің, Қиыр шығыс, Сібір секторында жауапты ұйымдастырушы лауазымында қызмет жасап жүрген кезім еді (Омбы, Чита облыстарының кураторы болдым).
Ол кезең М. Горбачев билігіндегі саясат пен экономиканы реформалау, қоғамдық сананы жаңғырту, елдегі қайта құрулар мен демократияның кең көлемдегі қарқын алып жатқан жылдары болатын. Осы ретте СОКП-ның XXVIII-съезіне Қазақстаннан делегат болып сайланғанымды, қоғамды демократияландыру бағытындағы съезд қарарларына қолдау көpceткенімді айта кеткенім жөн. Бұл жәйларға тоқталып отырған себебім, бүгінде тарихқа айналған, сонау Кеңес кезеңіндегі, әсіресе тәуелсіздік қарсаңындағы елдегі қоғамдық-саяси оқиғалардың қайнаған ортасында болғанымызды еске салу. Міне, осындай кезеңде 1988 жылы халқымыздың арда ұлы Аман ағамен кездесіп, танысқан болатынмын.
Біздің бөлімде бірге істейтін, кабинеті қатарлас, әріптесім Р.А.Попадейкин телефон соғып, өзіне кіріп шығуымды өтінді және саған «сюрпризім бар» деп қызықтырып қойды. Ростислав Анатольевич бұрын Кемерово обкомының хатшысы болған, осы облыстың кураторы болатын. Столының үстінде күрең қызыл түсті папкаға көзім түскесін өз облысына байланысты кадр мәселесі туралы әңгіме болатынын топшыладым. Айтқандай-ақ сәлден кейін кабинетке бойына көркі сай, қою бұйра қара шашты, жігіт ағасы шамасындағы келісті азамат кіріп келді. Мен қазақ екеніне еш күмәнім болмай, ауыз толтырып «Ассалаумағалейкум» деп сәлемдестім. Ростиславқа бұл азаматпен таныстырғанына рахмет айттым. Сібір өңірінің әйгілі Кузбассынан Орталық комитетке, ұлты қазақ азаматының кадр мәселесімен шақырылуы, шындығында да сирек кездесетін жәй ғой. Мүмкін бұрын-соңды болмаған да болар. Бұл, Амангелді Төлеевтің Кемерово облыстық партия комитетінің транспорт бөлімінің меңгерушісі лауазымына бекуге келгені екен. Сол кезде, ол Кемерово темір жолының бастығы болатын. Жеке құжаттарына көз жүгірткенімде Новосібір теміржол инженерлері институтын бітіріп, еңбек жолын 1964 жылы қарапайым теміржолшы болып бастап, Сібірдегі ең үлкен Кемерово темір жол басқармасының бастығы дәрежесіне дейінгі еңбек жолынан өткенін, туған жері Красноводск екенін көріп, «ата мекені Маңғыстау емес пе екен?» деген де ой келген. Жаңа қызметке бекуге келгендер, әдетте Москвада 2–3 күн кідіріп, өздерінің болашақ қызметіне қатысы бар бөлімдерде, ең соңы сол саланы басқаратын Орталық комитеттің хатшысында болып ресми кездесулерден өтетін. Соның арасында бір келесі кездесуді біршама күтіп қалғанын көріп, кабинетіме шақырып, шай алдырып, қысқа әңгімелесудің сәті түсті. Бірақ қысқа уақыттың көп бөлігі кездесулерден алған әсері төңірегінде болды, сонда да мен құжатында көрсетілген туған жері Красноводскіге байланысты сұрағыма ашып ештеңе айтқан жоқ.
Екінші рет, Аман Молдағазыұлымен 1990 жылы кездестім. Ол кезең Кеңес Одағының тағдырына үлкен өзгерістер әкеліп жатқан кезең болатын. КСРО-ны құрайтын барлық республикалардың Жоғарғы Кеңестерінің съездері өтіп, онда егемендік, тәуелсіздік тақырыптары көтеріліп жатты. Тіпті, Балтық жағалауындағы республикалар, өздерінің егемендігі туралы Декларацияларын жариялап үлгерді. Осындай тәуелсіздікке қол жеткізу үрдісі Ресей Федерациясында да қарқынды жүрді. 1990 жылдың наурыз айында РСФСР жергілікті кеңестерінің халық депутаттарының сайлауымен қатар, РСФСР халықтарының 1-ші съезіне депутаттар сайлауы өтті. Бұл, шын мәнінде баламалы ұсынылған кандидаттар қатысқан демократиялық сайлау болды. Ресейдің барлық аймақтарынан 8254 адам қатысып 1026 адам съезге депутат болып сайланып, солардың арасында А.Төлеевте өз қарсыластарын жеңіп депутат мандатына ие болды. Аз уақыттың ішінде өзінің сайлауалды бағдарламасымен, ол кузбастық жерлестерінің қолдауына ие болып, Кемерово облыстық халық депутаттары Кеңесінің Төрағалығына да сайланып үлгерді. Ол кезде бұл лауазымды облыстық партия комитетінің бірінші хатшылары қоса атқаратын. Осыдан-ақ А.Төлеевтің, Ресейдің жүрегі саналатын Кузбасс жұртшылығының сеніміне ие болып, ел алдындағы беделінің өсіп келе жатқанын көруге болады.
Жоғарыда айтылғандай, Аман Молдағазыұлымен екінші рет кездесуім РСФСР халықтарының І съезі кезінде болды. Съезд 1990 жылғы мамыр айының 16–22-сі аралығында, Үлкен Кремль сарайында өтті. Съезде А.Төлеев алғашқылардың бірі болып, керемет сөйледі. Ол кезде съезд жиыны бүкіл елге теледидар арқылы тарайтын. Сөйтіп Аман Төлеев бүкіл елге, әсіресе қазақтарға кең танымал болды, артынан Одақтық деңгейдегі саясаткерге айналғанын білеміз. Сөзін аяқтап, съезд мінберінен түсіп келе жатқанда, алдынан шығып құшақтап, сөйлеген сөзі әсерлі, жақсы шығуымен құттықтағанмын.
Қолтығынан ұстап, үлкен залдың бір жақ терезесі алдына келіп, өзімнің алдағы бір-екі айда Қазақстанға қайтатын жоспарым бар екенін айттым. Г.Колбиннің кезінде таратылған Маңғыстау облысының қайта құрылғалы жатқанын, соған байланысты ұйымдастыру комитетіне ұсынғанын, елге қайтатын жоспарым бар екенін... Сонымен бірге, оған, тағы да – «сенің туған жерің Красноводск болуына қарағанда, арғы ата-бабаларың Маңғыстаудан болуы мүмкін, 30-шы жылдары Адай көтерілісі кезінде елдің біраз бөлігі қуғын-сүргінге ұшырады, сөйтіп Түркменстанда мекен еткен болар, есіңде жүрсін» дедім. Ол ештеңе айтқан жоқ, басын изеді, өзі әлі съезде сөйлеген сөзінің әсерінде тұрғанын (жарыста шауып келген аттың алқымы басылмай тұрғанындай) байқадым... Осылай қоштасқанбыз.
Көп ұзамай Маңғыстау облысы қайта шаңырақ көтерді. Республика басшылығының шақыруымен облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болып тағайындалып, екі жылдан кейін, нарыққа көшу, менеджмент, маркетинг, ағылшын тілі және т.б. мәселелерді тереңірек меңгеру мақсатында, бір топ азаматтармен бірге АҚШ-тың Бостон қаласындағы, Массачусетс университетіне оқуға жолдама алдық. Одан әрі елге инвестиция тарту мәселелерімен Техас штатының Хъюстон қаласында орналасқан Англо–Датч компаниясында біраз жылдар қызмет жасау қажеттілігі туындағаны белгілі...
Бұл, Егемендіктің есігі айқара ашылған, Кеңес одағы ыдырап, одақтың құрамындағы республикалар өз егемендігін жариялап жатқан кезең болатын. Америкада жүргенде, тағдыр тәлкегіне ұшырап, әлемнің шартарабында тарыдай бытырап жүрген қазақтардың 1-ші Құрылтайы Алматыда өтетінін естідік. Аман ағамыздың, елде өткен алғашқы қазақтардың Құрылтайына қатысқанын, Әбіш ағаның үйінде қонақта болғанын естіп, арда азаматтың «өз үйірін» тапқанына қуанғанбыз. Одан кейін оның елмен байланысы еш үзілген жоқ...
Сөз соңында айта кету керек, А.Төлеевтің Ресей қоғамында, саяси өмірінде жарқырай көрініп, өзі басқарған Кузбасс жұртшылығының сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленуіне, оның халық мүддесі үшін аянбай қызмет жасайтын табиғи туа біткен қасиеттері (таза-адалдық, өжет-қайсарлығы т.б.) екені сөзсіз.
Өзге елде өз ұлтының айбынын асқақтатып, қазақ атын, тек ТМД елдеріне ғана емес, бүкіл түркі әлеміне танытқан ағамыздың жаны жәннатта болсын, бүкіл өмірін халқына қызмет етуге арнаған оның өмір жолы кейінгі ұрпаққа өнеге болсын деген тілек айтамыз.
Зейнулла АЛШЫМБАЕВ —
Мемлекет және қоғам қайраткері,
Маңғыстау облысының Құрметті азаматы