ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Аналар мен арулар ардақталған күн

Әлеумет
Тұрысова Күлпаршынға облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі табысталды. Сондай-ақ балабақша меңгерушісі Сейілова Бұлқынай Табылқызы, полиция қызметкері Танабай Айдана Наханшақызы, дәрігер Халикова Айжан Тұтқабайқызы, мемлекеттік қызметкер Қошимова Қалдықыз Төлегенқызы, мемлекеттік кірістер басқармасынан Балғын Тасыбекқызы, мәдениет саласының өкілі Мәуленова Зәуреш Молдаханқызы, спорт саласынан Алғибаева Майра Әжібекқызы және құрылыс са-ласынан Нұргелдиева Мөлдір Рахымбайқызына Алғыс хаттар тапсырылып, мерекелік сыйлықтар мен гүл шоқтары тарту етілді.
Сонымен бірге мерекелік шараға жиналған барлық аналарға аудан әкімінің атынан гүл шоқтары үлестірілді. Мерекелік шарада аудандық мәслихат төрағасы Мүтәлиев Бұлтбай Лесбекұлы да көпшілікті өзінің және аудандық мәслихат депутаттарының атынан құттықтай келе:
– Сіздер ана деген ұлы әрі қастерлі атаққа әбден лайықтысыздар. Сондықтан мейірбан аналарымыз аман болсын. Отбасыларыңызға тыныштық, дендеріңізге саулық тілеп, ұрпақтарыңыздың қызығына кене-ліп, арамызда ойнап-күліп, жайнап жүре беріңіздер, – деген жүрекжарды тілегін жеткізді.
Мұнан соң мәдениет саласының қызметкері Қойлиева Ұлжан Уалханқызы, жұмысшы Нұралиева Қарлыға Алматқызы, кәсіпкер Асылбек Камшат Сержанқызы, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Қабыл Құндызай Қадірбекқызы, спорт саласынан Зұлпыхарова Ақторғын Мейрамбекқызы, мемлекеттік қызметкер Құрманбек Гүльвира Құрманбекқызы, БТИ қызметкері Қабланова Жанар Асанбайқызы және балалар «Саз» мектебінің мұғалімі Байбахова Кенжеқыз Серікбайқызы да Алғыс хатқа ие болып, мерекелік сый-сияпаттар мен гүл шоқтарымен марапатталды.
Айрықша атап өтер жайт, аудандық мәслихат төрағасы Мүтәлиев Бұлтбай Лесбекұлы Шардара ауданының Құрметті азаматы, аудандық «Ақ әжелер» халық ансамблінің жетекшісі, өз анасы Мүтәлиева Жарылқасын Ізбайқызын отбасының атынан құттықтап, сый-сияпатын табыстап, перзенттік ыстық ықыласын білдірді.
Мереке барысында сахна тө-рінде Бақберген Омаров «Апа-тайым», «Көріктім», Динара Ізғали «Ару қыздар», Ахмет Молдағұлов «Ханшайым», Мейірбек Ибадүллаев «Ана», Маржан Келдібай «Мама» ән-дерін орындап, «Ақмаржан» халықтық үлгілі би ансамблі бишілері «Көктем» биін билеп, жиналған қауымға шаттық пен шабыт сыйлады.
Сондай-ақ аудан әкімінің тапсырмасымен ардагер ұстаз, Шардара ауданының «Құрмет ті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері Төлешова Жамал Өтегенқызының шаңырағына аудан әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай арнайы барып, аудан басшысының атынан құрмет көрсетіп, мерекелік сыйлығын табыс етті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні барлық ауылдық округтерде де өз дәрежесінде аталып, ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер мерейлене түсті. Мереке қарсаңында аудан әкімі Арман Романұлы 95 жас-тағы тыл ардагері, он бір баланың анасы Еримбетова Күлпан Жүсіпқызын және сегіз баланың анасы, 79 жастағы Нұралиева Жарқын Әліханқызын арнайы құттықтап, сый-сияпат пен гүл шоқтарын тарту етті.

Ж.ЖІГЕРҰЛЫ
Made on
Tilda