ШАРТАРАП ШАРАЙНА

БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Әлеумет
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкер-лерінің күніне орай Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев бірқатар ақпарат саласының қызмет-керлерін марапаттады.
Олардың қатарында аудан әкімінің кеңесшісі Әділ Заманұлы, аудан әкімінің баспасөз хатшысы Рүстем Ерғалиұлы, фотограф Сәбит Анапияұлы, сонымен қатар «Шартарап-Шарайна» ақпа-раттық-танымдық газетінің редакторы Шардара ауданы-ның Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Ақпарат саласының үздігі Нұрмахан Қауысұлы, «Шартарап-Шарайна» ақпа-раттық-танымдық газетінің меншік иесі «Нұр-МБК» өндірістік кооперативінің төр-ағасы Нұрболат Қариев, тіл-шілер Жаңабай Әліқұлұлы, Еркежан Нұрахымқызы, Ақбота Өсербай, Аяжан Тәжі, менеджер Райхан Аманжолқызы, дизайнер Гүлжан Бейсенбайқызы, сон-дай-ақ «Өскен өңір» газетінің директор-бас редакторы Сәбит Қоспанұлы, дизайнер Айнұр Сарыбасова, бағдарламашы Айдар Әбубәкіров, есепші Мария Ғаниқызы, тілші Мадина Досымқызы бар.
–Ауданымыздың әлеумет-тік-экономикалық дамуына үлес қосып, өңірде атқарылып жатқан игі істерді оқырман қауымға жеткізіп жүрген өзде-ріңізді кәсіби мерекелеріңіз-бен шын жүректен құттықтай-мын. Жаңалықтың жаршысы болып, халықтың игілігі жо-лында қызмет ете беріңіздер. Ақпараттық-насихаттық ба-ғыттағы еңбектеріңізге шы-найы алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі Арман Қарсыбаев.
Бота БОЛАТОВА
Made on
Tilda