Ел басына күн туған 1941 жылғы Ұлы Отан Соғысының алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Тарихи деректерге сүйенсек, Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар 11600 адам болса, қазақстандықтар – 497, оның ішінде қазақтар – 97 адам болды. Солардың қатарында болған Ұлы Жеңісті жақындатуға күш салған жерлесіміз Сейітқасым Әшіров 1924 жылы 20 қазанда дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Сейітқасым Әшіровтің даңқты ерлігін құрметтеу мақсатында Шардара қаласындағы көшеге аты беріліп «Тұңғыш Президент саябағында» ескерткіш қойылған.
Батырдың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға қатысушылар саябақтағы Батыр ағаның ескерткіші алдында халқымыздың бостандығы үшін құрбан болғандарға тағзым етіп, соғыстан оралмай қалған жерлестеріміздің және Кеңес Одағының Батыры Сейітқасым Әшіровтің рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алып «Ер есімі ел есінде» деген құрметпен ескеркішіне гүл шоқтары қойылды.
Батырды еске алу шарасында алқашқы болып құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев:
– Сейітқасым ағамыз Отырарда туылғанымен оның бүкіл саналы ғұмыры Шардарада өтті. Сондықтан да Батыр ағаның жүз жылдық еске алу шарасын ауданымызда бастағанды жөн деп таптық. Ол кісінің Ұлы Отан соғысына қатысып, Кеңес Одағының ең жоғарғы наградасы – Кеңес Одағының Батыры болып оралуы бүкіл қазақстандықтар үшін мақтаныш. Одан кейінгі жылдарда да мал шаруашылығында еңбек етіп, бас зоотехник, совхоз директоры қызметтерін абыроймен атқарды. Ауданымызда мал басын арттыруға елеулі үлесін қосты. Жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиеледі. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстан қол үзбеді. Сәкеңнің жолы бәрімізге үлгі болды, – десе, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков Сейітқасым Әшіровпен бірге бір совхозда жұмыс атқарғанын, көп іс-тәжірибесін үйреніп, кейіннен совхоз директорлығына дейін көтерілгенін атап өтті. «Кішіге қамқор, қайырымы мол, талапшыл да іскер кісі еді» деді.
Қазақстан Республикасының Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын Айыпберген Балтабайұлы (Айып-Нұр) болса:
– Батырмен бірге жүру, батырмен қызмет істеу, батырмен дос болу, батырға жар болу үлкен бақыт. Он сегіз жасында соғысқа барып, ерлік жасап жиырма жасында Батыр болу оңай емес. Сондықтан мен Сейітқасым ағаның ерлігін, еңбегін жастарға үлгі ету мақсатында бес томдық кітабыма жыр жолдарымен ендірдім. Бұл осы өңірдегі батырды ұлықтаған үлкен іс-шара болып тұр. Сондықтан бүкіл бауырларым мен Алаш жұрты атынан ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, – деді.
Келесі кезекте әкесі Сейітқасым Әшіров туралы естелік айтқан баласы Болат Сейітқасымұлы мен қызы Алтынай Сейітқасымқызына құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды.
Шардара мектеп-лицейінің «Әдебиет» бірлестігі оқушыларының оқыған патриоттық өлеңдерінен кейін іс-шараны қорытынды сөзін сөйлеген батырдың немере інісі Уәлихан Әшіров Кеңес Одағының Батыры Сейітқасым Әшіровке осындай құрмет көрсетіп, жүз жылдығын атап өтуге атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, алда 19 қазан күні Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде өтетін Кеңес Одағының Батыры Сейітқасым Әшіровтің туғанына 100 жыл толуын еске алуға арналған ресми шараға қатысуға шақырды.
Соңынан қаладағы «Гранд Азия» мейрамханасында еске алу дастарханы жайылып, батырмен бірге жүрген зиялы қауым өкілдері естеліктерін айтып, ақын Айыпберген Балтабайұлы Сейітқасым Әшіровке арнаған өлеңдерін оқып, батырдың рухына құран оқылды.