ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Артықбай ініме алғыс айтамын

Әлеумет
Артықбай інім, сенің жасаған үлкен сауапты ісің – ата-баба аруағына деген адалдықтың, туған жер мен туыстыққа деген шынайы құрметтің жарқын көрінісі болды. Сонау алыста Ресейдің Ростов облысында «Бауырластар зиратында» Сламидин атамыздың жатқан жерін іздеп тауып, бір уыс топырағын елге жет-кізіп, ағасы Сах атамыздың жанына қойып, қаладағы «Тұңғыш Президент саябағындағы» Ұлы Отан соғы-сына қатысушылардың есімдері жазылған мемориалдық тақтаға есімін жаздырып, бүкіл өмір тарихы мен ер-лігін аудандық «Шартарап-Шарайна» газеті арқылы елге насихаттап, құран бағыштап, елді ұйыстырған іс-шара өткізгенің – нағыз ерлікпен парапар.
Менің қолымнан келгені – қалам алып, саған деген ризашылығымды ақ параққа түсіру ғана. Әруақ разы болсын, халық разы болсын, сендей ұрпақ барда елдің тарихы да, абыройы да өлмейді. Алла ниетіңе еселеп сауаптан жазсын! Жолың әрдайым ашық, қадамың нұрлы болсын, ардақты інім!
Ізгі тілекпен,
Сапаркүл САХҚЫЗЫ.
Made on
Tilda